Жалпы елімізде қылмыстық ахуалдарға жауап беретін арнайы органдар жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке басыңыздың құқығын қорғау мақсатында кез келген уақытта заң органдарына жүгіне аласыз. Әсіресе, қазіргі уақытта заң саласындағы адвокатура үлкен бір бизнестің бастауы болып кеткендей. Өйткені жоғары білімі бар кез келген заңгер өз адвокатура кеңсесін ашып алуға мүмкіндігі бар. Қазір ондай кеңселер көп деп айтуға болады. Бірақ нарықтағы бәсекелестікте тек ең мықтылары қалады. Осы бір тақырып аясын Түркістан қаласының тұрғындарына толығырақ мәліметтерді берсек дейміз. Заң жолындағы білік білімді мамандар арқылы өз проблемаларынан арылса дейміз. Түркістан қаласының құқық қорғау органдары әрқашанда қандайда бір мәселе болса, заң жолында шешуге бағыт береді.
Адам құқығын қорғау заңгерлердің басты міндеті. Ол мейлі адвокат болсын, прокурор, полицей қызметкерлері, тіпті сот болса да адам құқығы мен бас бостандығының жауапкершілігі заң органдарының мойнында. Қазіргі уақытта шыны керек айналамызда жан түршігерлік қылмыстардың саны көбейіп кетті, қай кезде болмасын теледидарды, телефонды аша қалсаң екі жаңалықтың біреуі қылмыс. Адам өлтіру, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық. Ер адамдардың өз әйелін өлтіруі, ұруы, әйелдердің баласын тастап кетуі, одан бөлек қазір жастардың арасындағы қылмыс жасау кеңінен белең алып кетті. Өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы шыны керек жиі кездеседі. Адам баласын қылмыс жасауға криминалдық немесе зорлық-зомбылық көріп өскен ортада өмір сүруі де ықпал ететіні анық.
Адвокатура, адвокат деген не дегенде ең бірінші не ойлайсыз? Күмәндіні қорғау ма мүмкін сотта жеңіп шығуды көздеу шығар. Бірақ заң тұрғысынан адвокатура Қазақстан Республикасындағы адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Ал, адвокат деген – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.
Жер бетінде 7 миллиардтан астам адам болса оның әр қайсысы жеке тұлға, бір өмір. Олардың қауіпсіздігі, жеке басының қорғалуы заң жүзінде міндетті нәрсе. Заң жобасының алғы шарты да, өзегі де, мақсаты да адам құқығын қорғау, Конституция талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндігімізді көбейту. Қазіргі заман талабы да сол. Заң саласында жұмыс атқарып, мейлі адвокат, мейлі прокурор, сот, полицей қызметкері болсаң да ұмытпау керек бір нәрсе Заң жалпыға ортақ. Сол заңның орындалуы да, дұрыс қабылдануы да сенен басталады. Сол үшін де өз міндетіңді жауапкершілікпен, адалдықпен атқару арқылы ғана көздеген нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік туады.
Жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.
Сот әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп таныған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам адвокат бола алмайды.
Мыналар:
- қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
- теріс себептер бойынша мемлекеттік және әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ судья лауазымынан босатылған адам – шығарылған (босатылған) күннен бастап үш жыл бойы;
- әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
- осы Заңның 44-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адам – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл бойы;
- теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасының тізілімінен шығарылған адам – шығарылған күннен бастап үш жыл бойы адвокат бола алмайды.