Мемлекет басшысы әрбір жолдауында заң үстемдігінің берік орнығуы мен сот төрелігінің әділ атқарылуына баса мән береді. Бұл мәселеде қылмыстық заңнамаларды мұқият саралау, сонымен қатар, адам өмірін қию, қарақшылық секілді ауыр қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатпау, тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасын барынша қатаңдату, нашақорлық, есірткі саудасымен күресте кешенді жоспар әзірлеу жұмыстарын тапсырған болатын.
Қазіргі таңда бұл бағытта кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Елімізде азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот, басқа да құзырлы органдар арқылы қорғай алуы жан-жақты қарастырылған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық отбасы институтына айтарлықтай әсер ететін әлеуметтік проблема болғандықтан, Қазақстанның халықаралық құқық қорғау келісімдерін ратификациялап, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде міндеттемелер алғаны баршаға мәлім.
Соған орай, ел заңдарымен тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында болуы мүмкін адамдардың құқықтары және оны қорғау шаралары барынша нақтыланды. Дейтұрғанмен, жұртшылықтың заңмен берілген мүмкіндікті пайдаланбауы, яғни, өз құқықтарын дұрыс білмеуі тұрмыстық зорлық-зомбылықты өршітіп тұр.
Бұған қазақстандық отбасылардағы зорлық-зомбылық оқиғаларының соңғы жылдары күрт өсуі дәлел. Мысалы, ресми мәліметтер күйеуінің қысымына ұшыраған әйелдер үлесі үш жыл ішінде 25 пайыздан асқан. Осы жағдайдың өзі зорлық-зомбылық, әлімжеттік әрекеттеріне жазаны барынша қатаңдатуды талап етіп отыр.
Президенттің жолдауында да көрініс тапты. Яғни, Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызуды атап айтып: «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын» деді.
Осыған орай, қазіргі таңда заңнамалық тұрғыда тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркемей-ақ, бірден ашу сипатына көшіру, татуласуға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық жазаларын барынша қатайту шаралары әзірленуде. Құқық бұзушылық қайталанып жасалған жағдайда әкімшілік қамауға алуды 25 тәулікке дейін ұлғайту да қарастырылып жатыр. Мұндай нормалар өз кезегінде құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етері анық.
Азаматтардың теңдігін қамтамасыз ететін қоғам құру, әсіресе, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау өркениетке ұмтылған елдің басты міндеттерінің бірі. Өйткені, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықта гендерлік теңсіздік мәселесі маңызды рөл атқаратынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Осы себепті, Президент айтқандай, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызып, жаза түрін мейлінше қатайтудың артық болмайды. Керісінше, әлімжеттік оқиғаларын болдырмаудың мүмкіндігі артады.
Сарапшылардың пікірінше, айтып отырған мәселенің оң шешімін табуында цифрлық технологиялар мен статистикалық мәліметтерді пайдалану да тиімді тетіктердің бірі болады. Мәселен, статистикаға сүйену арқылы қандай да бір проблемалар туындауы мүмкін өңірлердегі отбасыларды анықтап, тиісті шараларды дер кезінде қабылдау өз кезегінде қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермейді. Сондықтан, бұл тұрғыда қолға алынған әрбір бастама қашан да маңызды. Осы негізде өңір орталығы Түркістанда нақты жұмыстар атқарылуда.
Ата-ана құқықтарынан қандай жағдайда айырылады?
Қоғамды ең маңызды мәселе бала мен ата ана құқығы болып табылады. Түркістан қаласының тәртіп сақшылары ана мен бала құқығын қоғау үшін тынбай жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін ана мен баланың, әке шешенің құқығы жайлы біраз тың ақпараттар берген болатынбыз. Ендігі кезекте ата аналар қандай жағдайда бала алдындағы құқығынан айырылып қалады, сол жайында Түркістан қаласының тұрғындарына айтар бірер сөзіміз бар. Ең бірінші кезекте ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуденқасақана жалтаратын болса, Өз баласын перзентханадан не өзг дее балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса; Өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса; Балаларға қатігездік көрсетсе , оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса,олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса; Заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен , нашақорлықпен және құмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін. Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін. Ата –ана құқығынан айыру тәртібі. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың, немесе ұйымдардың арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастапүш күннің ішінде бұл шешеімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншыжәне қамқоршыорганға жолдауға міндетті.
Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшінбелгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақыларалу құқықтарынан айрылуға әкеп соғады.Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.
Ата-анасы ата-ана құқықтарынана айырылған бала ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына бері леді. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады. Ата-анасы ата-ана құқықтарынана айрылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы ата-ана құқықтарынана айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап алты ай өткенде жол бері леді.
Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру.
Егер ата-аналар, мінез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқытары қалпына келтрілуі мүмкін. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртбмен жүзеге асырылады..Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың талап – арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.Он жасқа толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін. Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.
Ата-ана құқықтарын шектеу.
Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан олады ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады. Егер баланың ата-аналармен қалуы: Ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар бойынша бала үшін қауіпті болса; Олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса,алайда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жетклікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.
Егер ата-аналар өз мінез құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.
Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туыстары, кәмелетке томаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген орган дар мен мекемелер, мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін және басқа джа мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан балаға Климент өндіріп алу туралы мәселені шешеуге құқылы.
Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшінбелгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан да айырылады.Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды. Өзіне қатысты ата-аналарының ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншіше құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын,соның ішінде мұра алу құқығығн сақтап қалады. Ата-анасының екуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органныңқамқоршылығына бері леді. Ата-ана құқықтарын сот шектегената-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысууға рұқсат етілуі мүмкін. Ата-аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы
органныңне қорғаншысының, баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.
Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою .
Егер ата-аналардың ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың талап арызы-бойынша баланы ата-анасына қайтарып беру туралы және заңда көзделген шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады. Егер ата-анасына баланы қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірінескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншыжәне қамқоршы орган баланы ата-аналардан немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы. Баланы дереу айырып алуды жергілікті атқарушы органның тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді. Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамассыз етуге және баланы айырыпалу туралы жергілікті атқарушы органның актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.
Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындау.
Баланы ата-анасынан айырып алуға және он басқа адамға беруге байланысты шешімді мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен жүргізілуі тиіс. Баланы беру туралы туралы сот шешімін оның мүдделеріне нұқсан келтірмей орындау мүмкін болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тәрбие, емдеу мекемесіне немесе басқа мекемегеуақытша орналастырылуы мүмкін.