Бүгінде көптеген адамдар өз құқығын білмейтіні рас. Кәсіпкер мен тұтынушыны, ана мен бала, ұстаз бен білімгер, отбасындағы ана мен әке, жасөспірімдер құқығының қайсысын алып қарасақта құқықтық сауаты толық деуге келмейді. Бұл құқықтық сауаттылықтың жоқтығы. Құқығын білмеген адам құқық бұзушылыққа бармасына кім кепіл. Қазірде Түркістан қаласының құқық қорғау қызметкерлері адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тиісті қызметтер атқаруда, деп жазады yassy-tur.kz-ке сілтеме жасаған jetpisbai.kz.Адам құқықтарының қазіргі замандағы ұғымы ежелгі заманда пайда болған табиғи құқық идеяларынан шығады да, өзінің тікелей бастауын либерализм идеяларынан алады. Оның ең көрнекті өкілдері өмірге, қауіпсіздікке, бостандыққа, меншікке, мемлекетке тәуелсіз болатын және онымен қорғалатын адамның табиғи, ажыратылмас, әрі қасиетті нормаларына қысым көрсету кедергісінің маңызды құқықтарындағы ұғымын негіздеді. Адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанында Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылған болатын. Ол адам құқықтарының тұңғыш арнайы ұлттық мекемесі болды. Оның қызметінің негізінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатын Елбасы саясатын жүзеге асыру болады. Ол өзімен мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды ауыстырмай, адам құқықтарын қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосады. Бұл – адам құқықтарын қолдау мен қорғаудың қоғамдық және мемлекеттік механизмдерін күшейту де, осы сферада мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жасауға қатысу да, адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу де.Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік механизмін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдауға өз үлесін қосты. Бұл Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға, сондай-ақ БҰҰ азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілеріне қосылуы; халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомство аралық комиссия құру; Білім және ғылым министрлігі құрылымында Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетті ұйымдастыру.Қазақстан Республикасы Конституциясында (Негізгі заң) адам және азаматтың құқықтық статусының негізін қалаушы принциптер бекітілген, атап айтқанда: Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Мемлекеттің өзі де, оның органдары да, лауазымдық тұлғалары да заңда қарастырылған жағдайлардан басқа кезде айыруға, шектеуге құқығы жоқ. ҚР Конституциялық Кеңесі, адам құқықтары мен еркіндігінің ажырамайтындығы адам өзіне бекітілген құқықтары мен еркіндігінен, ешкім, оның ішінде мемлекет, Конститутцияда және оның негізінде қабылданған заңдарда қарастырылған жағдайлардан басқа кезде, айырмайтынын білдіреді.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс. Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның өзіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді. Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құққытары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.Адам құқытарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілердің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституцияның адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты.