Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Адам құқығын қорғау жолдары

Адам құқығын қорғау жолдары

Адам құқығы туралы әңгіме қозғалса толассыз сұрақтар туындайтыны сөзсіз. Бұл жөнінде Түркістан қалалық сотының өкілдері берген сұхбатында іс барысында көптеп кездесетін жағдай екенін айтады, деп жазады  yassy-tur.kz-ке сілтеме жасаған jetpisbai.kz. Оны алдын алу үшін қарапайым ғана әрекет жасалатыны сөзсіз. Атап айтқанда үгіт-насихат шараларын арттыру. Реформаларды тұрғындарға кеңінен насихат ету.
Құқығы бұзылған азаматтарды қорғау мақсатында құрылған бірнеше топтың түрлері бар. Егер қоғамдық өрескел құқық бұзушылық, тұрмыстық құқық бұзушылықтар орын алатын болса, бұл іс әкімшілік сотта қаралады. Әрі қарай теріс қылық немесе қылмыс орын алса, оны қылмыстық істер жөніндегі соттар қарастырады. Ал материалдық-моральдық шығындар, заңды мүдделерге зиян келіп жатса, бұл істерді азаматтық істер жөніндегі сот өз бақылауына алады. Биыл «ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» өз күшіне енеді. Біздің заңда «материалдық және процессуалдық» деген ұғым бар. Бұл жерде сотқа дейінгі тергеу, сот процесі кезінде іс қалай қаралады, қалай шешімін табады деген мәселер қарастырылады. Егер бірінші инстанция сотында мәселе шешімін таппаса, апелляциялық сотта қайта қарастырылып, бұзылған құқық тиісті деңгейде қорғалады. Ал тіпті бұл жағдайда өзгеріс болмаса, кассациялық сот деген бар. Дегенмен біздің сот жүйесінде кассациялық сотта қаралатын істердің саны шектеулі. Заң бойынша тізім жасалған. Тізімде жоқ жағдайларды біз Жоғарғы сотта қарастыра алмаймыз. Бірақ заңгерлер кассациялық соттағы шектеулерге қарсы шыққан. Себебі Конституцияда жазылғандай адам құқығы қандай жағдай болмасын қорғалуы керек.
Сот жүйеcіндегі реформалар дегеніміз – өзгерістер. Реформалардың мазмұны құқықтық мемлекетті қалыптастыруға бағытталған. Біздің мемлекеттік биліктің үш тармағы бар: атқару, заң шығару, сот. 1995 жылы Конституция қабылданғалы аталған үш тармақ өз саласында тепе-теңдік және тежемелік қағидасын басшылыққа ала отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді орындап келеді. Соның ішінде сот жүйесінде реформалардың мазмұны – халықты сотқа, сот көмегіне жүгінген кезде әділ шешімнің шығатынына сендіру және осыны жүзеге асыратын судья деген тұлғаның мәртебесін арттыру.

Түркістандық тұрғындардың құқықтық сауаттылықты арттыруды көздейтін “Керек кеңес” айдарының бүгінгі тақырыбы адам құқығы жайында болмақ.

Қазақстандағы адам құқығын қорғаумен айналысатын мемлекеттік институттар:

  1. ҚР Парламенті;
  2. Адам құқықтары жөніндегі комиссия;
  3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық;
  4. Құқық қорғау органдары.
    Мемлекеттің құқық қорғау функциясы заң шығару, құқық қорғау нысандарында, сондай-ақ ұйымдастырушылық нысандарда жүзеге асырылады. Заңның көмегімен мемлекет адамдардың саналы мінез-құлқына әсер етіп, оларды заңды мінез-құлыққа итермелейді. Демек, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық тетігінде Парламент маңызды рөл атқарады. Парламенттің басты фукциясы – мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақтылықты сақтау, олардың бірлесіп өмір сүруіне және қызметіне оңтайлы әсер ететін мінез-құлық ережелерін қалыптастыру. ҚР Парламенті адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жаңа заңдарды қабылдау, құқықтар мен бостандықтар туралы Конституциялық-құқықтық нормалардың ағымдағы заңнамаларын нақтылаумен айналысады. Сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғау мақсатында қолданыстағы актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

Адам құқығы мен бостандығын, жалпы адам өмірін бәрінен жоғары қоятын халықпыз. Бұл ҚР Конституциясында тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Қазақстан азаматтары мен азаматшаларының құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесі мемлекеттік билік өкілдері тарапынан қолға алынды. Осыған байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық тетігінің маңызды элементі – адам құқықтарының әртүрлі мемлекеттік органдар арқылы қорғалуы. Көрсетілген функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқару органдары құрылады. Өз кезегінде адам құқығын қорғайтын институттарға және олардың атқаратын функциясына, қоғамдағы маңызына тоқтала кеткен оң болмақ.
Адам құқықтары жөніндегі Комиссия – ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Бұл адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың соттан тыс органдарына жатады. Ережеге сәйкес, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі оның конституциялық өкілеттіктерін іске асыруға жәрдемдесетін кеңесші және консультативтік орган болып табылады. Бұл органның негізгі мақсаты – мемлекеттегі адам құқықтарының қаншалықты сақталып жатқанына баға беру және Президентті өз тұжырымдарынан хабардар ету. Бұл органның негізгі міндеті – ҚР Президентінің өкілеттіктерін адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде іске асыруға жәрдемдесу. Өз өкілеттіктерін іске асыру кезінде Комиссияның
• мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті кез келген материалдарды, құжаттарды сұратуға;
• адам құқықтарын жаппай не өрескел бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік мекемелердің жұмысына тексеру жүргізуге;
• Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кез келген лауазымды адамдардан түсініктемелер алуға құқығы бар. Комиссия өз қызметінің нәтижелері бойынша адам құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы баяндамаларды жасайды және оларды ҚР Президентіне жібереді. Сонымен қатар талқыланған мәселелер бойынша қорытындылар мен ұсынымдар қабылданады, олар осы мәселені шешу құзыретіне кіретін тиісті заңнамалық, атқарушы, сот және өзге де органдарға жіберіледі. Қажет болған жағдайда бұл туралы ақпарат ҚР Президентінің назарына жеткізіледі. Комиссия жұмысында елдегі адам құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ осы құқықтарға нұқсан келтіру фактілері туралы мәселелер маңызды орын алады.
Бірқатар елдерде адам құқықтарын қорғаудың маңызды элементі, тетігі ретінде – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл немесе омбудсмен әрекет етеді. Бұл институт оның азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды орнатуға, азамат пен мемлекет арасындағы байланысты сақтауға, қоғамдық және жеке мүдделердің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Негізінде омбудсмен мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы делдал болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2002 жылы 19 қыркүйекте ҚР Президент жарлығымен құрылған. Басты функциясы – азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтіру, бостандықтарын және қауіпсіздігін сақтау шараларын қабылдау. ҚР-да Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзге де қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құрылды. Орталықтың негізгі міндеті – адам құқықтарының сақталуы мен бақылауына жәрдемдесу, уәкіл қызметін қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғауға арналған ҚР заңдарын жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық пен құқықтық ағарту ісіне өз үлесін қосу.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық тетігінде құқық қорғау органдары маңызды рөл атқарады. Дәл осы органдар Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін арнайы құрылған. Кез келген мемлекеттік орган қызметінің құрылымында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері маңызды орын алатынына қарамастан, олар мемлекеттің көптеген органдарының негізгі функциялары болып саналмайды. Сондықтан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ерекше маңыздылығын ескере отырып, аталған міндеттерді шешуге тікелей маманданған құқық қорғау органдарын құру қажеттілігі туындаған. Айта кету керек, “қорғау” термині көптеген жағдайларда “күзет” терминімен синоним болып табылады, өйткені ішкі заңдарда бұл екі термин де белгіленген құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету мен сақтау үшін қолданылады. ҚР-дағы құқық қорғау қызметінің негізгі мазмұны:

  • құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
  • құқық бұзушылықтарды қадағалау мен бостандықтарды қорғау;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, еңбек ұжымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • қылмыстармен және өзге де құқық бұзушылықтармен күрес;
  • барлық адресаттардың құқықтық нұсқамаларды сақтауын бақылау.
    Айта кету керек, қылмыстарды анықтау және тергеу құзыретіне кіретін оннан астам органдар бар: ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу аппараттары, қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізетін мемлекеттік мекемелер және басқалар.
    Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және іске асыруға тікелей қатысатын мемлекеттік органдардың барлығының мақсаты мен міндеті ортақ. Сонымен қатар олар үйлесімді жүйені құрайды. Бұл кез келген құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететін себептерді жою бойынша шаралар қабылдауға, профилактикалық жұмыс жүргізуге, халықтың құқықтық сауатын арттыруға, мәдениетін қалыптастыруға, тәрбиелік іс-шаралармен айналысуға бағытталған.

Осы мақсатта мемлекетте нақты міндеттерді шешуге мамандандырылған құқық қорғау органдары жүйелі түрде жұмыс істейді және бір-бірімен байланыс орнатқан. Оларға сотпен қатар прокуратура органдары, Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік органдары, салық полициясы, Кеден комитеті, әділет органдары, нотариат, АХАЖ, Қорғаныс министрлігінің Шекара әскерлері мен әскери барлауы, ҚР Президентінің Күзет қызметі, кеден және қаржы полициясы, адвокатура жатады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында адам құқын қорғауға бірден-бір жауапты – үш буынды модель құруды тапсырды. «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек», деп оның негізгі бағыт-бағдарын да айқындап берді. Себебі Президент айтқандай, «Қылмыстық істегі қателік адам тағды­рын өзгертетінін естен шығармау керек». Бұл – заңдылық пен әділеттілікті толық қамтамасыз етуге ба­сым­дық берген мәселенің бірі.

Президент Әкімшілігі басшысының атына жолдаған хатында прокуратура органдарының ардагері С.Ерімбетов енгізіліп жатқан үш буынды модель прокуратураның міндеттері мен функцияларын түбегейлі өзгертетінін, алайда, бұл өзгерістерді пысықтай түсу керек екендігін айтады. Істі тергейтін, тергеу барысын қадағалайтын, іс бойынша негізгі шешімдерді келісетін прокурор әрқашан айыптау үкіміне ие болады. Бұл жерде бізде өткеннен алған сабақ бар. Прокуратурасы істі басқаратын және толыққанды тергеу жүргізетін неміс моделі біздің прокуратураның функцияларына сәйкес келмейді. Себебі, бұл модель сәтті жұмыс істейтін мемлекеттерде прокуратура атқарушы билік жүйесінде, айыптау органы болып табылады және қадағалау функциясынан айырылған.

Біздің прокуратура атқарушы би­лік жүйесіне кірмейді және елдегі заң­дылық режіміне жауап беретін негізгі мемлекеттік орган болып табылады. Сондықтан 90-жылдарда оны тергеу функциясынан босату орынды деп танылды. Мемлекет басшысының саясатын іске асыру тетіктерінің бірі ретінде айқындай отырып, тек құқық қорғау функциясы ғана жүктелді. Конституция оған ел аумағында заңдардың орындалуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру функциясын берді. Сондықтан прокуратураға кең тергеу функциясын беру оның іс-әрекеттеріне айыптауды кері қайтару дегенді білдіреді.

Бюрократияландырудың негізгі прин­циптері – нысанның формадан басым­дығы, әдепкі цифр­ландыру, бас­қа­ру­шылық жауап­кер­­шілік, үздіксіз же­тіл­діру, рет­­­теудің оңтайлылығы. Қара­­па­­­йым адамға аса көп дүние қа­жет емес. Кез келген азамат өзіне қа­тысты мәсе­лені мемлекетке жет­кізгісі келеді. Ал сол туын­да­ған мәселелерді мемлекет, мем­­­­лекеттік ­аппарат қарапайым және тү­сі­нікті түрде түсіндіріп, мүм­­­кін­ді­гін­ше дұрыс шешім шы­­ғаруға дағ­ды­­лануы керек.

Өйт­ке­ні халық соны қа­лайды. Жарлықта жүйелі және қол­данбалы шаралар кешені көз­делгені қуантты. Оларды іске асыру мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жедел­де­ту­ді, мемлекеттік органдардың бірін­ші басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арт­тыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды қам­та­масыз етеді. Атап айтқанда, жүк­тел­ген міндеттерді іске асыруды жедел­дету үшін мемлекеттік ор­г­андарға өз функцияларын заң­на­малық деңгейде шамадан тыс нақтыламай, нормативтік құ­қық­тық актілерді қабылдау құ­қы­ғы берілетін болады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және Жаңа Қазақстанды құру мақсатында Президент «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Енді кешенді реинжиниринг негі­зін­де норма түзушілік және бюд­жет­тік процестердің мер­зімдері мен ке­зең­дерін екі есе қысқарту қамтамасыз еті­ле­тін болады. Сонымен қатар ведом­ст­в­олық есептілікті жүйе­леу және автоматтандыру; мемлекеттік органдар үшін ақпараттық жүйе­лер­дегі мә­лі­мет­терді сұратуға тыйым салуды енгізу; қағаз жү­зін­де бұрыштама қою­ды және құжаттардың әр парағына қол қоюды жою; өкілеттіктерді орта бас­­қарушылық буын деңгейіне беру; мем­лекеттік органдардың бас­шы­ла­рын қашықтан жұ­мыс істеу үшін құралдармен және өзге де жағ­дай­лар­мен қам­та­­ма­сыз ету мәселелерін іске асы­ру көз­деліп отыр.

Жарлыққа енгізілген шаралар мем­ле­кеттік қызметшілерді түпкілікті нәти­жеге әсер етпей­тін артық рәсімдер мен про­цес­тер­ден босатуға мүмкіндік бере­­ді. Сондай-ақ мемлекеттік аппа­рат­­тың Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын, «Әділ қоғам мен тиімді мемлекет» құ­ру­ды жүйе­лі іске асыруға бағыт­та­луын қамта­ма­сыз етеді.

Мемлекеттік аппаратта ше­шім­­дер қабылдаудың тиімді­лі­гі мен жеделдігін арттыру, атқарушы билік қызметінің ша­мадан тыс заңнамалық регла­мент­телуін болдырмау, құжат айна­лымы мен есептілікті қыс­қар­ту, мемлекеттік органдар бас­­шы­ларының дербестігі мен дер­бес жауапкершілігін арттыру мақ­сатында Үкіметке құзырет­тер­дің заңнамалық деңгейінде шамадан тыс нақтылаусыз, жүк­тел­ген міндеттерді іске асыру мақсатында мемлекеттік орган­дар­ға нормативтік құқық­тық актілерді қабылдау құқығын бе­ру­­­ді қамтамасыз ету тапсырыл­ды. Форс-мажорлық мән-жайларға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою үшін нормативтік құқық­тық акті­лер­ді, оның ішінде оларды мем­ле­кет­­тік тіркеусіз қа­был­даудың ерекше тәр­тібін енгі­зу мә­селесі күн тәртібіне шы­ға­­рыл­ды.

Жоғалтатын уақыт атаулыны жалпы екі есе қысқарта оты­рып, бюд­жет және норма түзуші­лік про­цестердің кешенді реин­жи­­нирингін қамтамасыз ету; мәлі­меттердің анықтығын, тең түп­нұс­қалығын және өзектілігін қо­­сым­ша растап отырмай, тиіс­ті мемле­кеттік органдардың мем­ле­кеттік ақ­па­раттандыру объ­ек­­тілерінде орна­лас­­тырылған мә­ліметтерді пайдалану қажет­тігін айқындау керек. Мем­ле­кет­тік ақпараттандыру объек­ті­­лерінде орналастырылатын мә­лі­меттердің дұрыстығы мен өзектілігі және жалған мәлі­мет­терді пайдалануға байланыс­ты шығындар үшін барлық жауап­кер­шілік тиісті мемлекеттік ор­ган­­дардың басшыларына жүк­тел­мек.

Сондай-ақ Үкіметке екі ай мерзімде азаматтар мен бизнес неғұрлым талап еткен өмірлік және іскерлік жағ­дай­лар­ды қо­сып, оларға реинжиниринг пен ав­то­маттандыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік көрсе­ті­летін қызметтер тізілімін қалып­тас­­ты­ру тәсілдерін қайта қарау; аза­мат­тармен коммуникация және жедел ведомствоаралық өза­ра іс-қимыл мақсатында ашық кеңес­тер өткізу үшін қолжетімді онлайн сервистерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Президенттің, Премьер-Минис­трдің, Мемлекеттік хат­шының, Президент Әкімшілігі Бас­шы­сы­ның және Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының тапсырмаларын; Премьер-Министрдің Кең­се­сінде құжаттарды қарау мер­зімдерін екі есе қысқартуға; мем­ле­кет­тік органдардың бірінші бас­шы­ларының мемлекеттік орган­дардың құрылымдық бөлім­ше­ле­рінің жекелеген басшыларына ұйымдық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою құқығын беруге, сондай-ақ ведомствоаралық кеңес­терге мемлекеттік органның қаты­суына және көзқарасын біл­ді­руге мүмкіндік беруге; мем­ле­кеттік орган­дардың бірінші басшыларының жетек­шілік ете­тін орынбасарларына Премьер-Министрдің Кеңсесінде нор­ма­тивтік құқықтық актілердің жобаларын келісу құқығын бе­ру; мемлекеттік органдардың бі­рін­­ші басшыларының шешімі; кеңестер тағайындау мен өткізу негіздерін нақты регламенттеу жөнінде шаралар қабылдау қа­жет­тігі ескерілмек.

Осы шаралардың барлығы бюро­кратияға, сыбайлас жемқор­лық­қа, мем­лекеттік аппараттың жосықсыз жұ­мы­сына қарсы күр­есте мемлекеттің құ­қық қор­ғау әлеуетін күшейтеді. Бұл мәселедегі әділеттілік пен теңдік – қоғамның жарқын болашаққа деген үмітін оятып отыр.

Заңнамалық акті­лер­ді, Президент актілерін, сон­дай-ақ құпиялылық белгілері және «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, Үкі­меттің регламентін және басқа да нормативтік құқықтық акті­лер­ді қайта қарау, оның ішінде: құ­жат­тар­ды қағаз түрінде ен­гі­зу­дің, олар­ға бұ­рыш­­тама қоюдың және әр пара­ғына қол қоюдың күшін жоюды қамтамасыз ету; Үкі­мет­­тің және басқа да мем­ле­­кеттік органдардың айрықша құзы­ретіне жататын қызметтің ағым­дағы мәселелері бойын­ша құжаттарды, сондай-ақ мүдделі мем­лекеттік органдармен алдын ала пы­сықтамай, мәселені мәні бойынша шешуді талап ете­тін мемлекеттік орган­дардың ұсыныстарын Президент Әкім­­­ші­лігіне енгізуге тыйым салуды ен­гі­зу; тікелей рәсімдерді қос­па­ған­да, орындалу мерзімі екі жұмыс кү­ні­нен кем болатын сұрау салулар мен тапсырмаларға тыйым салуды енгізу көзделді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*