Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛДІ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛДІ

2020 жылғы 13 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан – әрі Заң, 2020 жылғы13 қарашадан бастап заңды күшіне енді) қол қойылды, онымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес осы салада объектілердің салалық тиесілігіне және қызмет бағытына байланысты олардың әртүрлі санатына терроризмге қарсы қорғалудың белгілі бір талаптарын бекітуді көздейтін салалық тәсіл енгізілді.
Сонымен қатар заңнамалық өзгерістер көрсетілген салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметіне де әсер етті.
Жаңадан енгізілген нормаларға сәйкес барлық қойылатын талаптарға сәйкес келетін объектілер үшін тексеру кезеңділігі екі жылда бір рет жүргізілетін болып қысқартылды. Сол уақытта «кезеңдік» және «жоспардан тыс» тексеру түсініктері енгізіледі, олар террористік қауіп деңгейі жарияланған жағдайда, сондай-ақ бұрын анықталған заң бұзушылықтардың жойылғанын қайта тексеру мақсатында өткізілуі мүмкін.
Заңмен террористік тұрғыдан осал объектісінің меншік иесіне терроризмге қарсы қорғалу жүйесіндегі кемшіліктерді жою үшін берілетін мерзім бір жылға дейін арттырылды.
Өз кезегінде, бұрынғыдай объектілердің басшылары терроризмге қарсы қорғалуға қаржы қаражатын көздеуге, өз персоналымен терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруға, уәкілетті мемлекеттік органдар, терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабтар өткізетін терроризм актілеріне ден қою мәселелері бойынша іс-шараларға қатысуға міндетті.
Сондай-ақ заңнамалық өзгерістер тексеруді жүзеге асыру тәртібін, тексеруші органның, сондай-ақ тексеру субъектісінің құқықтары мен міндеттерін, тексеру нәтижелерін сот және жоғары тұрған органдарда шағымдану мүмкіндігін егжей-тегжейлі регламенттейді.
Террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласын реттеудің жаңа заңнамалық механизмдерін құқық қолдану практикасына уақтылы енгізу мақсатында Ішкі істер министрлігі мынадай шаралар қабылдады:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы
8 шілдедегі №582 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 540 бұйрығына (2020 жылғы 14 қарашадан бастап заңды күшіне енді) қол қойды.
Осы бұйрыққа сәйке содан әрі тексеру парағынсыз, бірақ бейінді техникалық регламенттер негізінде террористік тұрғыдан осал объектілерін тексеру жүзеге асырылатын болады.
2. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 698 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы, 2020 жылғы 14 қарашадан бастап заңды күшіне енді ) қабылданды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*