Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Цифрлы Қазақстан – жаңғыру даңғылы

Цифрлы Қазақстан – жаңғыру даңғылы

Цифрлы технология біз­дің өмірімізге тәуелсіз­дігі­міздің бастапқы жылдары-ақ енгізіле бастаған. Оған мысал ретінде мектептерді жаппай компьютерлендіруді, оның тек мектептерде емес, кеңседе де, үйде де негізгі ақпа­рат­тық құрал болғанын, ол арқыл­ы ақпаратты сақтап, интернет желісі арқылы кез келген жерге жібергенді, сондай-ақ айлық жалақыны банкомат карточкалары арқылы алғанды, сымсыз телефондар арқылы байланыса бастаған уақытты, желілік телеарналар көрсетілімін тамашалаған алғашқ­ы  сәттерді  жатқызуы­мызға болады.

Жалпы,  «Цифрлы Қазақстан»  бағдарламасын  жүзеге  асыруда   4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақ­ты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзит­тік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау­, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы техноло­гияны ендіру. Үшіншісі – мемлекетт­ік органдар жұмысының сапасы­н арттыру және төртінші бағыт – IT-маманд­арды  даярлау.

Заманауи технологиялардың игілігінен еліміздің сот жүйесі де тыс қалып жатқан жоқ. Оның басты дәлелдерінің бірі – 2014 жылдың 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылуы. Содан  бергі аралықта бұл жүйе жеткілікті деңгейде жыл сайын жаңартылып, белсенді жұмыс жасап, сервисті қолданушылардың сағаттап саны артқан. Цифрлану жаңалығының жағымды жағы — жұмыстағы қағазбастылықты жою.

Сот кабинеті» сервисі сот үдірісін әлдеқайда жеңілдетті. Қазір арыз, шағым және басқалары сотқа осы «Сот кабинеті» арқылы келіп түседі және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы келіп түскен арыздар бұрынғыдай қағазға басып шығарылмайды. Мұны аталмыш жаңашылдықтың ел көңілінен шыққаны деп бағалауға болады. Өйткені, кез келген азамат, адвокат үйінде немесе жұмыс орнында отырып-ақ сотқа тиісті талабын «Сот кабинеті» арқылы жібере алады. Сонымен қатар, істің қаралу барысын бақылауға да сервис мүмкіндік беріп отыр. Сот кабинетіне кіру үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.

Бүгінде сот саласындағы бұл өзгерістер өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. Жалпы еліміздегі соттардың барлығы біріңғай элекрондық құжат айналымына толықтай көшті деуге болады. Тәжірбие көрсетіп отырғандай, біріңғай электрондық құжат айналымы  қағаз бастылықтан құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге, түрлі шығындарды  азайтуға  да  айтарлықтай септігін  тигізуде. Сондай-ақ, құжат айналымының электрондық тәртіпке көшуі мемлекеттік  мекемелердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп отырғаны байқалады. Сондықтан  қазірдің өзінде мамандар тарапынан жемқорлықтың  алдын-алуда  таптырмас  тәсіл  ретінде  бағаланып  отыр.

Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған.

«Сот кабинеті» қызметі бүгінгі күннің талабына жауап беріп қана қоймай, карантиндік режим кезінде өтініш берушілердің және сот қызметкерлерінің денсаулықтарына  қауіп төндірмей, жұмыс жасаудың бірден бір тиімді қызметі болып табылады.

Жалпы, мұның бәрі – халық үшін жасалынып жатқан дүниелер. Өрке­ниетті елдердің бәрі бүгінде цифрландыруға  көшкенін  ескерсек,  дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Ал мемлекетіміздің өзге елдер­ден қалмай, алға қарай ұмтылған бастамаларын қолдау біздің міндетіміз деп білген жөн.

 

 

Бақытжан ТУНАЛИЕВ,

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман сот мәжілісі хатшысы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*