Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «Дені сау ұрпақ – бірге өсеміз»

«Дені сау ұрпақ – бірге өсеміз»

Шымкент қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де «Дені сау ұрпақ – бірге өсеміз» тақырыбында іс-шара өтті. Кездесу отбасы құндылықтарын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, ана мен баланың денсаулығын қорғау және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры А. Қалымбет қатысып, отбасы құндылықтары, салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуінің маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді. Сонымен қатар ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мен отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуінің маңызы атап өтілді.

Кездесуге бірқатар сала мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасты: №12 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Ф. Камильжановна; №3 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкері П. Қуашбаева; №3 қалалық емхананың психолог маманы Г. Аязовна; №13 қалалық емхананың әлеуметтік маманы М. Естауова; №13 қалалық емхананың психолог маманы Г. Кемпірбекова; «Тең Қоғам» КММ басшысының орынбасары Г. Белгибаева.

Іс-шара барысында салауатты отбасы қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, психологиялық қолдау көрсету және отбасының әл-ауқатын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар бала денсаулығына ерте жастан көңіл бөлудің, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және психологиялық жайлылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар ана мен баланың денсаулығын сақтау, отбасыларға қажетті әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету, қиын жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы айтылды. Қатысушылар отбасындағы қолайлы ахуал баланың дені сау, толыққанды тұлға болып қалыптасуына оң әсер ететінін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, отбасы институтын нығайту мен жас ұрпақтың дені сау әрі қауіпсіз ортада тәрбиеленуінің маңыздылығын атап өтті. Осындай салааралық кездесулер ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, отбасының денсаулығы мен әл-ауқатын қолдауға бағытталған тиімді жұмыстарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында қатысушылар отбасы денсаулығы мен бала қауіпсіздігін сақтау бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты. Салауатты отбасы — дені сау ұрпақтың кепілі екені атап өтілді.

Дені сау ұрпақ тәрбиелеу — отбасы мен қоғамның ортақ міндеті. Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне бүгіннен бастап қамқорлық жасау — жарқын болашақтың берік негізі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*