Отбасы – баланың тұлға ретінде қалыптасуына, рухани дамуына және қоғамға бейімделуіне ықпал ететін маңызды орта. Осыған орай қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, балаға қамқорлық пен қолдау көрсету, ана мен баланы қорғау, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік жұмыстардың маңызы зор.
Шымкент қаласы балалар құқықтарын қорғау басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-де тәрбиеленушілерге отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасының адам өміріндегі маңызы мен рөлін түсіндіру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында тәрбиелік сағат өткізілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер отбасының адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Балалар отбасы, ата-ана, бауырлар туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Тақырып аясында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, пікір алмасу жүргізілді.
Тәрбиелік сағат барысында отбасындағы өзара құрмет, мейірімділік, жауапкершілік және қамқорлық сияқты құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөліне назар аударылды. Мұндай түсіндіру жұмыстары тәрбиеленушілердің отбасылық қарым-қатынастар туралы түсінігін кеңейтіп, жақындарына деген құрметі мен жанашырлығын қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, отбасылық және гендерлік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру. Осы ретте әр баланың қамқорлыққа, қолдауға және толыққанды дамуға құқығын түсіндіру, олардың болашақта жауапты азамат болып қалыптасуына жағдай жасау маңызды.
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу демографиялық саясатпен де тығыз байланысты. Берік отбасы, бала тәрбиесіне қолайлы орта, ата-ана жауапкершілігі мен ұрпаққа деген қамқорлық қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізін қалыптастырады. Сондықтан балалардың бойына отбасыға деген құрметті, үлкенге ізет пен кішіге қамқорлықты сіңіру – маңызды тәрбиелік бағыттардың бірі.
Іс-шара бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. Тәрбиеленушілердің отбасыға деген құрметі артып, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды бағалау түсініктері қалыптасты. Жүргізілген жұмыс балалардың өзара сыйластық, мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары