«Отбасы күні» мерекесіне орай Шымкент қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де «Отбасын қолдау кеңістігі» атты Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасыларға қажетті құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, ана мен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әйелдерге өзекті мәселелері бойынша жан-жақты көмек көрсету.
Іс-шара барысында «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Қ.А. Исламбекұлы, психолог, магистр және кәсіби медиатор Г.Т. Ташанова, «Әділ билер» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Н. Жанұзақов пен мүшелері, «Zangerler Palatasi» заң консультанттар палатасының заң консультанттары Е. Е. Ортаев пен А. А. Ақылбекова қызмет алушы аналардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдап, қажетті көмек көрсетті.
Кездесуге келген аналарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріліп, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар құқықтар мен міндеттер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнамадағы маңызды мәселелер бойынша ақпарат берілді.
Шымкент қаласының «Отбасын қолдау орталығы» отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік бағыттар бойынша кешенді қызметтер көрсетеді. Орталық мамандары отбасылардың түрлі мәселелерін шешуге, қиын жағдайлардың алдын алуға және қажет болған жағдайда тиісті қызметтерге бағыттауға қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар, отбасыларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету барысында туындайтын нақты өмірлік жағдайлар талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары мен тиісті әрекет ету тәртібі айқындалады. Мамандардың өзара іс-қимыл тәртібі, қызмет алушыларға көмек көрсету тетіктері және күрделі жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет ету жолдары тәжірибелік тұрғыда қарастырылады.
Ашық есік күні барысында азаматтарға өз мәселелері бойынша тиісті мамандардан кеңес алып, қажетті қолдау түрлері туралы ақпарат алуға мүмкіндік берілді. Мұндай кездесулер отбасылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отбасылық мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал етеді.
Іс-шара қорытындысы бойынша отбасыларға қажетті қолдау көрсету, ана мен баланың құқықтарын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары