Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Балалардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде

Балалардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде

Балалардың құқықтарын қорғау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасылық тәрбие мен қолайлы орта қалыптастыру – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ана мен баланы қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау және қоғамға әлеуметтік бейімделуін қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласы балалар құқықтарын қорғау басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-де ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасында тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және әлеуметтік бейімдеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін тәрбиеленушілердің рухани-адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, патриоттық сезімдерін және ұлттық құндылықтарға құрметін қалыптастыруға бағытталған 24 тәрбиелік, мәдени және танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шаралар барысында отбасы құндылықтары, мейірімділік, қамқорлық, өзара сыйластық, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу тақырыптарына басымдық берілді. Атап айтқанда, «Шаңырақ күні», «Отбасы – бақыт мекені», «Бақытты отбасы», «Бәрі де Ана, бір өзіңнен басталады» тақырыптарында тәрбиелік жұмыстар жүргізіліп, балалардың отбасы туралы түсініктері кеңейтілді.

Сонымен қатар тәрбиеленушілердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында «Көрісу күні», «Тұсаукесер – салт дәстүріміз», «Наурыз – ұлттық мейрам», «Бейбітшілік – ел тірегі!» және басқа да ұлттық әрі патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізілді.

Балалардың болашаққа бағдарын қалыптастыру мақсатында «Өзіңді мамандықтар әлемінен тап» кәсіби бағдар беру іс-шарасы, «Білімім – Отаныма» соңғы қоңырауы, жастар күніне арналған «Жастар – елдің жарқын болашағы» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Тәрбиеленушілердің интеллектуалдық және рухани дамуына ерекше көңіл бөлініп, Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына орай танымдық экскурсия, әдеби акция, кітап оқу марафоны, эссе жазу, поэзия оқу және әдеби-музыкалық кештер өткізілді.

Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін түсіндіру мақсатында Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың білім алуға, өмір сүруге, пікір білдіруге және қорғалуға құқықтары туралы түсініктері кеңейтілді.

Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тәрбиеленушілердің отбасылық құндылықтарға, ұлттық салт-дәстүрге, білім алуға және қоғамға деген жауапкершілігі арттырылып, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, өзара қарым-қатынас жасауына және болашақ өмірге дайындалуына жағдай жасалды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*