Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері С.Түгел Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығының ашылу салтанатына қатысты.
Сонымен қатар, салтанатты шараға қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері М.Байғұт, Ш.Мырзахметов, С.Мәжінбеков, А.Қалшабек, Қ.Анарбаев, Б.Тайжан, Ә.Исабек, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қаладағы белгілі ақын, жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Парасаттылықтың қайнар көзі – қазақтың көркем әдебиеті» деген белгілі жазушы Мархабат Байғұт, осы көркем әдебиет арқылы бірлесе парасаттылықты дәріптеудегі Орталықтың маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел пейілдің адалдығы мен жүректің тазалығы жайында сөз өрбітіп, ашылып отырған Орталық жастар, оқырмандар арасында парасаттылықты дәріптеуде үлкен рөл атқаратындығына сенім білдірді.
Жазушы Сәдібек Түгел Агенттік пен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Парасат жолы» орталықтарының кітапханалардан ашылуы да тегін еместігін айтып, бабалар еңбегімен қатар, қазіргі ақын, жазушылардың әдебиеттері арқылы жастарды парасаттылыққа шақыру екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, шарада қаланың жас ақындары парасаттылық бойынша өз шығармаларын қатысушылардың назарына ұсынды.
Шара қорытындысымен «Парасат жолы» орталығының ашылуына қатысты ойларымен ақын-жазушылар, ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері бөлісті.
Айта кетейік, адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жоба қазіргі таңда қаладағы 5 кітапхана мен олардың филиалдарында, М.Әуезов атындағы ОҚУ кітапханасында, жалпы 40-тан астап кітапханаларда жүзеге асырылуда.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*