Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» атты халықаралық акциясы өткізіледі

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» атты халықаралық акциясы өткізіледі

Құрметті қала тұрғындары!

Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» атты халықаралық акциясы өткізіледі.

Акцияның басты мақсаты тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және қоғамда зорлық- зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

Осы акция аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесіп, түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетеді.

Есіңізде болсын, зорлық-зомбылыққа үнсіз қалуға болмайды! Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, 102 немесе 111 нөміріне хабарласыңыз.

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Қауіпсіз отбасы — қауіпсіз қоғам!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*