Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ТОЗУ ДЕҢГЕЙІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ТОЗУ ДЕҢГЕЙІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЛУДА

Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына жасанды интеллект негізіндегі ARTCODE жүйесі енгізілді. Жаңа технология жылу құбырларының техникалық жағдайын бағалап, тозу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов Абуталипұлы жасанды интеллект негізіндегі жүйенің мүмкіндіктері мен оны қолдану нәтижелері туралы баяндады.

Оның айтуынша, 2026 жылы жылу желілерінің 7 шақырымын жөндеу жоспарланған. Осыған байланысты аталған учаскелерге Art code жүйесі арқылы мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде тозу деңгейі критикалық көрсеткішке жеткен 290-нан астам учаске анықталған.

Жаңа жүйені енгізу бірнеше бағытта тиімділік көрсетіп отыр. Атап айтқанда, жылу құбырларының жағдайын анықтаудағы дәлдік артып, мониторинг жүргізуге кететін уақыт үнемделген. Сонымен қатар бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мен басқаруға мүмкіндік туындаған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*