Шымкентте жүзеге асырылатын жоба аясында 400 орындық жаңа оқу корпусы мен 400 орындық жатақхана салу көзделген. Құрылыс қараша айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс алаңында қазаншұңқыр қазылуда. Нормативтік мерзімі – 14 ай.
Жобаға сәйкес нысан негізгі үш блоктан тұрады.
№1 блок – 3 қабатты оқу ғимараты. Жобада 400 орынға арналған оқу сыныптары, 308 орындық акт залы, әкімшілік үй-жайлар, 36 орындық және 10 компьютерлік орны бар кітапхана, мата өңдеу шеберханасы мен медициналық бөлмелер кіреді.
№2 блок – 2 қабатты спорт ғимараты. Мұнда көлемі 30х18 метр болатын үлкен және 12х24 метрлік шағын спорт залдары қарастырылған.
№3 блок – 5 қабатты асхана, шаруашылық және жатын бөлмелер блогы. Блокта 196 орындық асхана және 400 орынға арналған жатын бөлмелер кіреді.
Жаңа оқу корпусы мен жатақхананың пайдалануға берілуі қыз балалардың сапалы білім алуына және қолайлы жағдайда тұруына мүмкіндік береді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары