Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ОТБАСЫ, БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РУХАНИ ҚАҒИДАЛАР

ОТБАСЫ, БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РУХАНИ ҚАҒИДАЛАР

25 қараша – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай Шымкент қаласында отбасы құндылықтарын нығайтуға, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыруға арналған республикалық рухани-танымдық форум өтті. Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында өткізілген іс-шараны республикалық және Шымкент қалалық Әжелер кеңесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Аналар кеңесі және университет жанындағы «Тәрбие және тұлғаны дамыту орталығы» ұйымдастырды.
Форумға республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, білім беру мекемелерінің өкілдері, ғалымдар, психологтар, медиаторлар, қоғам қайраткерлері, педагогтер және еліміздің әр өңірінен келген студент жастар қатысты.
Жиында отбасындағы қауіпсіздік, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, ұлттық дәстүрлер сабақтастығы, ата-аналардың психологиялық саулығы, құқықтық сауаттылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Форум жұмысы бес тақырыптық бағыт бойынша өрбіді. Қатысушылар қауіпсіз ортаны қалыптастырудағы ұлттық және отбасылық құндылықтардың маңызын, адамгершілігі мол әрі рухани дамыған тұлға тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін, қазіргі аналардың психологиялық жағдайы мен отбасылық жанжалдардың алдын алу жолдарын, әйелдер мен балаларды қорғаудың құқықтық тетіктерін, медиация мен ата-ананың жауапкершілігін, сондай-ақ, жастарды берік әрі бақытты отбасын құруға даярлау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға, бала тәрбиесіндегі әке мен ананың жауапкершілігіне және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтыруға ерекше назар аударылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*