Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕЙДІ

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕЙДІ

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Осыған орай, Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығында «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» қарсаңында Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтаев, ҚР жұмыс берушілер Конференциясының өкілі Альберт Толщин және кәсіподақ төрағалары мен қызметкерлері, мемлекеттік басқарма басшылары мен медиаторлар қатысты.
Күн тәртібінде Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың мониторингі бойынша анықталған даулы мәселелер мен жалақы қарыздары және келіп түскен арыздар аясында мамандардың есебі тыңдалды.
Отырыста Шымкент қаласы әкімдігі, «Кәсіподақтар орталығы» және «ҚР жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында 2021-2023 жылдарға арналған Өңірлік келісімге қол қойылды.
Айта кетейік, Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен кәсіподақтар алаңында алғаш рет өткізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*