Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР КЕЛЕС АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР КЕЛЕС АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

Осы аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Келес ауданында болып, аудандық полиция бөлімінің инспекторларына Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша жиын өткізді.
Кездесуде жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығы мен бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері баяндалды.
Сондай-ақ, Ерұлан Тұңғышбаев аталған жаңа Әкімшілік Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілгенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*