Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек  Бейбітшілік елді мекенінде орналасқан «І.Есенберлин» атындағы жалпы орта мектебінің акт залында округ тұрғындарымен кездесті. Мақсат – аудан орталығынан шалғайда орналасқан округ тұрғындарын ыстық күнде ары-бері сабылтпай ұсыныс-пікірлерін тыңдау, сұрақтарына жауап беру, елді мекендердегі түйіні тарқатылуы тиіс мәселелерді бірігіп шешу болатын.
Басқосуға округ тұрғындарымен қатар аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязов, бөлім басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.
Кездесуге келгендер тарапынан Отан және Бейбітшілік елді мекендеріндегі 683 отбасыны табиғи газбен қамтамасыз ету, 709 түтіні бар Алтын кемер және Халықтар достығы елді мекендерін 2021 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жоспарға енгізу мәселелері айтылды.
Сонымен қатар, округ аумағындағы жаңадан түскен көшелерге электр желілерін тартып, КТП орнату, округтегі 1960 жылдары қолданысқа берілген ескі көшелерді асфальттау, Жүзімдік пен Бейбітшілік елді мекендерін байланыстыратын КХ-75 автожолын жарықтандыру, округтегі декоративті ағаштарды сақтап қалу мақсатында күтіп-баптау жұмыстарын мемлекеттік меншікке алу керектігі де айтылды.
Округ аумағында халық санының өсуіне байланысты және тұрғын үй салуға жер телімін алуға кезекке тұрушылардың санының 400-ге жетуіне байланысты елді мекен жегін ұлғайтуға арналған жерлерден тұрғын үй салуға жер учаскесін бөлу керектігін алға тартқан тұрғындар аудан басшысынан көмек сұрады. Жер учаскесі қаралған жағдай бірінші кезекте аса мұқтаж 71 отбасы тұрғын үй салу учаскесіне ие болмақ. Ауыз су мен ағын су жайлы айтылған өтініштерге де жауап берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*