Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » МАҚТА ЗИЯНКЕСТЕРІНЕН ҚОРҒАНАЙЫҚ

МАҚТА ЗИЯНКЕСТЕРІНЕН ҚОРҒАНАЙЫҚ

Мақта дақылы Жетісай ауданында негізгі егілетін егіс және аудан халқының басты күнкөріс көзі болып табылады. Мақта өнімділігін артырудың негізі — оны өсіруде агро технологияны сақтау қажетілігінде. Мақта егістігінің зиянкестері мақта алқаптарында жаппай зиян келтіруде. Ал мақта және басқа дақылдарды зиянкестерден қорғауда аудан көлемінде биологиялық және химиялық әдістер қолдануда.
Жетісай ауданы бойынша «Республикалық Фитосанитарлық диогностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Жетісай аудандық филиалының мамандарының мақта егістігіне анықтау-зерттеу жұмыстары нәтижесінде мақта көсек құрты көбелектерінің мақтадағы 2-ші ұрпағының көбелектері 08.07.2021 жылы күні аудан колемінде жаппай ұшып жұмыртқа салуда. Ауа райына байланысты мақта көбелегінің жұмыртқаларынан 2-4 күннен кейін жұлдызқұрттар шығып зиян келтіре бастайды. Мақта дақылының зиянкестерімен алғашқы даму (жұмыртқа қою) кезеңінде уақытылы күрес шараларын жүргізген тиімді. Яғни мақта көбелегінің мақтадағы 2-ші ұрпағының аса қауіптілігі, бұл тұста мақта дақылы жаппай гүлдеп, көсек байлау фазасында болады. Сонымен қатар мақталық алқаптар суғарылып, қоза ішінің ылғалы мол болуы мақта көбелегінің көп тұқым салуына қолайлы болады. Сондықтан мақта дақылына көп, үлкен шығын келтіретін мақта көбелегінің екінші ұрпағымен аудан диқандары уақытылы, дер кезінде жүйелі түрде күресіп мақта өнімін сақтап қалуымыз керек.
ҚР АШМ АӨК МИК«РФД ж БӘО»РММ-нің
Түркістан облысы Жетісай аудандық
филиалының басшысы Досаев.Қ

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*