ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Қожаниязов Түркістан облысының ағын су мәселесін талқылау үшін облысқа арнайы жұмыс сапарымен келді. Жетісай ауданы әкімдігінің кіші залында бейне-конференциялық байланыс арқылы аудан әкімдіктерімен сондай-ақ Жетісай және Мақтаарал аудандарының ағын су мәселесін қарау үшін аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында су ресурстарын үнемді және тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды.
«Суармалы жерлерді тиімді пайдалану мәселесінде шешілуі тиіс өзекті мәселелер Жетісай ауданында да аз емес. Аудандағы 80 мың гектар суармалы егістік жерде 10 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін 40 мыңға жуық тұрғынның күнкөрісі ауылшаруашылық дақылдарынан алынған өнім көлеміне байланысты. Жыл сайын мемлекетаралық «Достық» магистралдық каналынан жазғы вегетациялық суару кезінде түрлі себептермен ауданға қажетті су көлемі келмей қалу жағдайлары орын алады. «Достық» магистралдық каналы арқылы келетін ағын су жеткіліксіз болған жағдайда Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру арқылы қосымша ағын су алу үшін машиналық каналды қосуды сұранамын»- деді Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қыдырбек.
Сырдария өзені арқылы толтырылатын «Шардара» су қоймасының негізгі қызметі Түркістан және Қызылорда облыстарын ағын сумен уақытылы қамтамасыз ету, осы ретте екі ауданға да жеткілікті мөлшерде ағын судың берілуін қамтамасыз етуіміз үшін тиімді әрі үнемді пайдалануымыз қажет.
Достық магистралды каналында ағын су жетіспеушілігі болған жағдайда «Машиналық әдіспен су көтеру» каналын қосу туралы шешімді алдағы күндері реттеу, бөлу жүйесіне сәйкес қабыланатын болады»- деді вице-министр С.Қожаниязов.
Осы ретте вице-министр ирригациялық жүйені және суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысы туралы айтты. Мәселен, бүгінгі күні Қырғызстанмен Тоқтоғұл су қоймасынан Сырдария өзенінің арнасына маусым-тамыз айларында 330 млн.м3 су көлемінде қосымша су жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Өзбекстан тарапымен осы су көлемінің олардың аумағы арқылы кедергісіз транзиті туралы келісімге келді. 2020 жылдың желтоқсан айына Экология министрлігі Қазақстанның су аз циклде екенін хабарлады. 2021 жылдың ақпан-наурызында фермерлерді су мәселесі жайында хабардар ету үшін өңірлерге барды. Суды көп қажет ететін дақылдарды азайту және төмен су жағдайында өсетін өсімдіктерді егу ұсынылды.
Қазіргі таңда келісім бойынша Өзбекстан Республикасынан Достық каналы арқылы секундына 80,0 текше метр су ағын келуде. Бұл нәтижелі жұмыстың жемісі екендігін, сондай-ақ су тапшылығына қарамастан бірлескен жұмыстардың арқасында вегетация кезеңі қалыпты жағдайда өтіп жатыр.