Жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Мейірім» ерікті тобы мен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Майлыкент ауылдық округі, ДСУ мөлтек аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, 450 жуық пәтер егелеріне қаупсіздік шаралары түсіндіріліп, 500 дана ескертпе парақшалары таратылды.
Есіңізде болсын!
Үйге (пәтерге, саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдарымен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тиым салынады. Мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады.
Газ жабдықтарына техникалық көрсететін мамандар кірпіштен салынған мұржаларды тоқсанына, ал әк пен цементтен жасаған және метал мұржаларды жылына бір рет жылыту кезеңінің алдында тазалайды.
Жылыту құралдарын қосардың алдында міндетті түрде мұржаның түтін тартуын тексерту керек.
Іске қосылған мұржаны кірпішпен, сондайақ жапқышпен жабуға болмайды.
Мұржаның бас жағына құстың ұя салмауына, сондай-ақ жауын-шашын тамбауына орайластырып жасалуы тиіс.
Газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағында жарықтар пайда болған кезде пайдалануға болмайды.
Газ пештері пайдаланатын бөлмелерде желдеткіш арналары жабық болса, газ пештерін қолдануға болмайды.
Қатты отын мен сұйық отынды (газ) қолдану кезінде қаупсіздік ережелерін бұзсаңыз, Сіз өзіңіз ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіресіз.
Газ жабдықтарын жылыту пештері орналасқан бөлмелердің терезелерін (желдеткіштерін) түнгі уақытта жабық қалдырмаңыз, пеш газ құралдары орналасқан жерді демалатын және ұйықтайтын бөлме ретінде пайдаланбаңыз.
103 жедел жәрдемді шақырғанға дейін,Уланған адамды қауіпті жерден алып шығу барысында өзіңізде уланып қалмау үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету керектігін ескертеміз.Ол үшін ылғал бет орамал арқылы демалу, әрі тез әрекет етуіңіз керек.Барлық терезе есікті ашып газдан уланған адамды таза ауаға шығару керек.Көбінесе адамдар ұйқыда жатқан кезде газға қалай уланып қалғанын білмей қалады.Осының бәрі өрт қаупсіздік ережелерін сақтамағаннан, салғырт қарағаннан шығады.