Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «БІР ҮЙ — БІР БІРЛЕСТІК – БІР ШОТ» ҚАҒИДАТЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН РЕФОРМА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

«БІР ҮЙ — БІР БІРЛЕСТІК – БІР ШОТ» ҚАҒИДАТЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН РЕФОРМА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрғын үй саласына өзгерістерге байланысты көп қабатты тұрғын үйлерде Мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) институтын немесе Жай серіктестікті (ЖС) енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда.

Айта кету керек, кондоминиум объектісін басқару органдарының қызметін реттеу мақсатында коммерциялық емес ұйымның жаңа нысаны Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе Жай серіктестігі ЖС – «бір үй – бір бірлестік-бір шот» қағидаты бойынша құрылған болатын. Ол әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді көздейді, сондай-ақ тұрғындарға ақшаның түсуі мен оның жұмсалуын қадағалауға мүмкіндік береді. Яғни, әр бірлестіктің банкте ашылатын шоты болады. Ағымдағы және жинақтау шоты. Ағымдағы шоттағы қаржыны күнделікті жұмыстарға жұмсалса, жинақтау шотындағы қаржы арқылы кейін төмен пайызбен қомақты қаржы несиеге алып, мысалы, үйді толық жөндеуге, шатырын ауыстыруға жұмсауға болады.

Енді жаңадан енгізіліп жатқан реформаға сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін республика көлемінде қызмет көрсетіп жатқан ПИК (пәтер иелері коопиративтері) жұмыстары тоқтайды.

Осыған орай, ҚР Индустрия және инновациялық даму министрлігі құрған Нұр-сұлтан қаласынан жұмыс тобының мүшелері, «ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Данияр Жұмашов және осы орталықтың бас сарапшысы Асқар Әбенов, ҚР Тұрғын үй заңнамасын реформалау жөніндегі комитетің Шымкент қаласы бойынша өкілі Жұмабек Исмаиловтармен де кеңейтілген жиын өтті.

Жұмыс тобының сарапшылары «Бір үй – бір бірлестік – Бір шот» қағидаты қолданылатын коммерциялық емес ұйымның жаңа нысанын құру мақсаттары тағы да түсіндірілді. Жаңа реформаларға талдау жасалды, әдістемелік көмек көрсету және енгізілген реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы айтылды. Кездесуге қатысушылар пікір алмасып, реформалау бойынша ұсыныстар берілді. Мамандардың айтуынша, бұл реформа түптеп келгенде тұрғындардың өз баспаналарын ұқыпты, күтіп ұстауға жұмылдыру. Сондай-ақ, кондоминиум болмаса, үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндете алмайтындығын түсіндіру.

Бүгінгі күні қала аумағында 2236 көпқабатты тұрғын үйлер және 1823 басқару нысанын тіркеуге жататын тұрғын үйлер бар.

Ал қала бойынша 124 – мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ), 1699 — жай серіктестік (ЖС) құрылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*