Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛАТЫН ІСТЕРДІҢ САНАТЫ ҰЛҒАЯДЫ

ШЫМКЕНТ: АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛАТЫН ІСТЕРДІҢ САНАТЫ ҰЛҒАЯДЫ

Бүгін Ақпараттық — коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық сотының судьясы Дінмұхаммед Әзіретқұлов және Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешовтің қатысуымен сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен жетістіктер және Конститутциялық сот тақырыбында баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды  қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында сот пен құқық қорғау саласына жаңа серпін беру мақсатында Конститутциялық Соттың пайда болатындығы туралы айтылған болатын. Жалпы Конститутциялық Сот Ата Заңымыздың заңдылығы мен үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың актілерін, жоғары лауазымды тұлғалардың әрекеттерін Қазақстан Республикасы Конституциялық заңнамаларының қолданылуын реттейді.

Бұған дейін Сот отырыстарында қоғам өкілдерінен құралған алқабилер тек қана аса ауыр қылмыстар бойынша қатыстырылса, ендігі жерде алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санатын ұлғайту тапсырылды», — деді қалалық сот Дінмұхаммед Әзіретқұлов.

Спикердің сөзінше Жолдауда прокуратура мен Адам құқықтарын қорғауға өкілетті тұлғаға қатысты заң мәртебесі Конституциялық Заң дәрежесінде белгіленіп, Бас прокурор мен өкілетті тұлға адам құқықтарын қорғауға бағытталған сұрақ немесе шағымдармен жаңадан құрылатын Конститутциялық Сотқа тікелей жүгіне алады.

Яғни бұл Конституциялық іс-жүргізуге қатысушылардың санының артып, елімізде конститутциялық бақылау мен заң үстемдігінің күшейе түсетінді.

Сонымен қатар, Жолдауда айтылған бұл бастамалардың барлығы адам құқықтарын қорғауға бағытталған заң үстемдігінің күшеюіне, судья лауазымына тағайындау барысы мен сот істерінің әділ, әрі ашықтығын көздейді.

Айта кетейік, Конституциядан өлім жазасын жаза ретінде қолдану жөніндегі ұғымды алып тастау ұсынылды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*