Шымкенттегі Арбат алаңында басталған жалпыреспубликалық акцияға қала тұрғындары белсене қатысып жатыр. Бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:00-де еліміздің барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын өткізу жоспарланған. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Арбат алаңында өтіп жатқан акцияның жұмыс барысымен танысты. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден ...
Читать далее »Көкейтесті
Шымкентте соңғы жылдары тырысқақ жұқпасы тіркелмеген
Өңірлік Коммуникациялар қызметінің алаңында «Тырысқақ және өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу» баспасөз конференциясы өтті. Эпидемиологтар сонымен қатар халық арасында ЖІИ тіркелуінің тырысқақтың таралуына да әсері орасан дейді. Тырысқақ (лат. cholera) — тек адамнан адамға ауыз-нәжістік жолмен жұғатын (антропонозды), қоздырғышы вибрион, өте жоғары жұғымды аса қауіпті карантинді жіті ішек жұқпасы. Вибрион суда, ашық су қоймаларында, тағамда бірнеше айға дейін сақталады ...
Читать далее »КЕНТАУДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ
Кентау қаласында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбында ата-аналар форумы өтті. Шараға Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, қала әкімдігінің, білім бөлімінің өкілдері, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Форумда ата-аналарға бейнеролик көрсету арқылы 25 мамыр-соңғы қоңырау іс-шарасын өткізудің алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ...
Читать далее »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРДЫ 2024-2025 ЖЫЛДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Еңбекші ауданында 728 көше, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған ...
Читать далее »Студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың ауыр салдары түсіндірілді
Шымкент қаласында оқу жылының соңында студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы ескертілді. Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті. Полицейлермен бірге аталған іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог-дәрігері, «Жастар ресурстық орталығының» ...
Читать далее »Шымкентте 170 сарбаз әскери ант қабылдады
Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында Көктем-2024 шақырылымы жас толымының әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Жеке құрам мен қонақтардың алдында әр түрлі облыстар мен қалалардан шақырылған кеудесіне жауынгерлік қаруы бар 170 жас сарбаз сап түзеді. Бір ай ішінде олар бөлімде және оқу полигонында алғашқы әскери дайындық курсынан өтті. Онда олар саптық, атыс, дене шынықтыру дағдыларын игерді, сондай-ақ, жалпыәскери ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ V СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы «Тірегіміз – тәуелсіздік, байлығымыз – бірлік, мақсатымыз – өрлеу» тақырыбымен өтті. Жиынға қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов арнайы қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жергілікті жерде жүйелі іске асыруды тапсырды. ...
Читать далее »Сауранда «Діни экстремизмнің зардаптары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Сауран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің мамандарымен «Діни экстремизмнің зардаптары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы қоғамның дамуы мен тұрақтылығына сына қағатын экстремистік әрекеттерден сақтану мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Түсіндірме жұмыстары барысында, мамандардың, қызметкерлердің өзінің жеке көкейдегі сұрақтарына, нақты әрі дәлелді түрде жауап берілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Діни экстремизм мен радикализм – бұл жалпыға ортақ проблема Бұл ...
Читать далее »Жаһандық проблема – адам саудасы
Әлемде қару-жарақ саудасы мен есірткі бизнесінен кейінгі үшінші жаһандық проблема – адам саудасы. Бұқараның басым бөлігі адамды қанау, құлдықта ұстау сынды сұмдықтар азайған немесе мүлде жоқ деген пікірде. Бірақ бұл – жай ғана аңыз. Cтатистика Адамзаттың сүйегіне таңба болған бұл қасірет – адам құқығын ең арсыз, аяусыз аяққа таптаудың бір түрі. Өкінішке орай, адам сауда құрбанының үстінен еріктен тыс мәмілелер ...
Читать далее »Адамды еркінен тыс құлдыққа жегу жойылмай келеді
Адамды еркінен тыс құлдыққа жегу, жезөкшелікке салу, «тірі тауар» ретінде және бөлек ағзасын сату ең дамыған елдердің өзінде әлі күнге дейін жойылмай келеді. Өкінішке қарай, Қазақстан да адамды мал құрлы көрмейтін тірі тауар дәлізіне айналып отыр. «Құл иеленушілерге» құқық қорғау органдары өкілдерінің өзі «крыша» болып жүр екен. Бұл – әлем назарындағы айғақ. Бұл туралы aikyn.kz порталына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары