Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент (страница 25)

Шымкент

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САЛТАНАТ САРАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары Сайрам тұрғын алабындағы М.Жалил көшесінде орналасқан «Shinar» салтанат сарайына жүргізген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Бастапқыда нысан 1 қабатты шайхана ретінде пайдалануға қабылданғанымен, меншік иесі оны рұқсатсыз қайта құрылыс жасап, 2 қабатты салтанат сарайына айналдырып келген. Тексеру нәтижесі бойынша нысанның ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң талаптарын сақтамай реконструкцияланғаны ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 341 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛЫНДЫ

2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы қала инфрақұрылымын дамыту мақсатында 341 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алынды. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына және қала әкімдігінің тиісті қаулыларына сәйкес жүргізіліп отыр. Аталмыш учаскелердің 298-інің иелеріне ақшалай өтемақы төленсе, 43 жер учаскесінің иесіне тең бағалы жер телімдері ұсынылды. Қазіргі уақытта мегаполис үшін маңызды көлік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүзеге асыруға ...

Читать далее »

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА БІРҚАТАР МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Желтоқсан айында Шымкент қаласында тұрғындар мен қонақтар үшін мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады. 6 желтоқсан сағат 11:00-де Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында оқушылар арасындағы «Мен елімді жырлаймын» республикалық айтысы өтеді. Айтысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген жас ақындар қатысып, өз өнерін көпшілікке ұсынады. 9–10 желтоқсан күндері «Қызғалдақ» сарайында «Шымкент сазы» республикалық эстрадалық ән байқауы ұйымдастырылмақ. Байқауда елдің түкпір-түкпірінен іріктелген жас орындаушылар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ШАТҚАЛДАР МЕН ТАБИҒИ КЕҢІСТІКТЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты екі шатқал қызмет көрсетеді. Қала әкімдігі бұл жасыл аймақтарды сақтап қалуға және оларды тұрғындар үшін қолайлы демалыс орындарына айналдыруға басымдық беруде. «Шымсая» шатқалы – Қаратау ауданында орналасқан және аумағы 8 гектарды құрайды. Бұл шатқал қаланың жасыл белдеуін нығайтуда үлкен маңызға ие. Қазіргі таңда шатқалды «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ) жүйелі түрде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КАРТОП БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласына картоп негізінен Павлодар және Қарағанды облыстарынан жеткізіледі, сондықтан оның бағасы тікелей өндіруші өңірлердегі жағдайға тәуелді. Қазіргі таңда бұл аймақтардан келетін картоп бағасы біршама қымбаттап, қаладағы көкөніс базарларында бөлшек саудада 200–270 теңге аралығында сатылуда. Бағаны тұрақтандыру мақсатында қалада «айналым механизмі» іске қосылып, сауда желілерінде картоп бекітілген баға – 180 теңгеден сатылады. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарымен 21 мың тонна картопқа ...

Читать далее »

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА САПАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласында кешкі уақытта ауада түтіннің байқалуының негізгі себептері: ауа температурасының төмендеуі, желдің болмауы, автокөліктердің көп шоғырлануы және жеке секторларда құрғақ шөп пен күзгі жапырақтарды жағу жағдайларының артуы. Қала аумағының атмосфералық ауа сапасы «Қазгидромет» мекемесіне тиесілі 7 бақылау бекеті (4 қолмен сынама, 3 автоматтандырылған) арқылы үздіксіз бақыланып келеді. Қазіргі уақытта жоғарғы және экстремалды ластану фактілері тіркелген жоқ. 2025 жылғы 23–24 ...

Читать далее »

ҚАЛАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АХУАЛ: ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдарының өндірісінде жалпы 169 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-сі сотқа жолданды. Ең көп тіркелген қылмыстар – алаяқтық (61 іс), ұрлық (41 іс), есірткі заттарын заңсыз айналымға байланысты (12 іс) және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер (10). Алаяқтықтың басым көпшілігі интернет алаяқтыққа қатысты болып, оның негізгі тәсілдері тауарлық жарнамалар арқылы сатып алу, инвестиция жасау арқылы ақшаны көбейту ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» атты мазмұнды кездесу өтті. Басқосуда еліміздегі гендерлік саясат, әйелдердің құқықтары мен қоғамдағы рөлі, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараның мақсаты — қазіргі қоғамдағы әйелдің орнын айқындау, олардың әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірге белсенді араласуын қолдау, гендерлік теңдікке қатысты ой-пікірлерді ортаға салу және зорлық-зомбылыққа жол бермейтін мәдениетті қалыптастыру. Кездесу барысында ...

Читать далее »

Қызылжар-2 шағынауданы инженерлік инфрақұрылыммен қамтылды

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданында бірнеше жылдан бері өзекті болып келген инженерлік инфрақұрылым тапшылығы мәселесі біржола шешімін тапты. Биыл көктемде қала әкімінің Абай ауданы тұрғындарымен өткен көшпелі кездесуінде Қызылжар-2 шағынауданының тұрғындары ең өзекті мәселенің бірі ретінде инженерлік инфрақұрылымды көтерген болатын. Тұрғындар ұзақ уақыт бойы ауыз су тапшылығын сезініп, мұнда электр энергиясы мен газдың берілуі тұрақсыз болған. Көгілдір отынды ...

Читать далее »

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда

Шымкент қаласында экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы белсенді түрде іске асып жатыр. Қаланы көгалдандыру мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану мәселесін басым бағыт еткен мегаполис әкімдігінің бастамасы бүгінде нақты нәтижесін бере бастады. Қошқар ата — Шымкенттің тарихи-мәдени ландшафтының өзегі саналатын ерекше табиғи нысан. Сондықтан өзенді қалпына келтіру жобасы тек инфрақұрылымдық жаңарту ...

Читать далее »