Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент (страница 37)

Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Шымкент қаласында шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, қаланың экономикалық жағдайын жақсартуға үлкен ықпал етуде. Бұл бағдарлама аясында кәсіпкерлер өз бизнестерін кеңейтуге және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен салық түсімдерінің артуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛАР

Шымкент қаласының тұрғындары үшін спорттық инфрақұрылым жетілдіріліп, шалғай аудандардағы елді мекендерде жаңа спорт нысандарының құрылысы жүзеге асырылмақ. Бұдан басқа, Қажымұқан атындағы орталық стадионының футбол алаңы мен жеңіл атлетикалық жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаладағы спорттық инфрақұрылымды дамыту жоспарлары қаланың барлық аймақтарында тұрғындардың спортпен айналысу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының дене шынықтыру және ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары 51 азаматқа табысталды. Тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары: * I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10 * Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 9 * Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ...

Читать далее »

ӨСКЕМЕН МЕН БУРАБАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында Өскемен қаласы және Бурабай кентінде арнайы ақпараттық бұрыштар ашылды. Аталған іс-шара Шымкент қаласының туризм саласындағы мүмкіндіктерін Бурабай мен Өскемен тұрғындары мен қонақтарына таныстыруды көздейді. Ақпараттық бұрыштарда келушілер Шымкенттің тарихи және мәдени нысандары, ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен туристік қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Шымкенттің гастрономиялық ерекшеліктері мен дәстүрлі фестивальдері туралы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ПАРА САДАҚ АТУДАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионында орналасқан Садақ ату кешенінде алғаш рет пара садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды. Турнирді ашқан Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков бұл жарыс елдегі пара садақ ату спортының дамуына серпін беріп, үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ мұндай іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, ерік-жігердің, табандылықтың және рух мықтылығының мерекесі екенін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды. Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУҒА ІРІКТЕУ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуға ниетті оқу орталықтары мен жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Үміткерлер комиссия алдында білім беру мекемелері мен жұмыс орындарының әлеуетін, техникалық базасын, оқытатын мамандықтарын таныстырды. Қысқа мерзімді білім беруге 31 жұмыс берушіден 3 042 орынға өтініш түсті. Комиссия отырысына 16 орталық қатысып, 1 299 орын ұсынды. Сонымен қатар, 4 мекеме өтінішін кері ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — көпұлтты оқушылардың бірлігі мен татулығын сақтап, патриоттық тәрбие беру. Мерекелік шараға Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Арофат» мектебінің директоры Пак Роза Викторовна, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі ұлттық ...

Читать далее »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілді. Ауқымды сенбілікке аудан әкімі Досбол Есилбек, аудан тұрғындары, Еңбекші аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және ардагерлер қатысты. Іс-шара барысында ирригациялық жүйелерді, көше бойын, аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Қоршаған ортаның тазалығын ...

Читать далее »

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР: ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙДІ

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер үшін міндетті лицензиялау енгізілді. Шымкент қаласында басқармаға қарасты 11 әлеуметтік орталық лицензия алуға дайын, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №230 бұйрығына сәйкес, мемлекеттен қаржыландырылатын барлық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен мемлекеттік мекемелер лицензия алуы тиіс. ...

Читать далее »