Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында орналасқан Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. Алайда осы уақытқа дейін көпірдің құрылымдық бөліктерінде ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Көпір жобасы 18 метрлік балкалар арқылы салынған және 5 тіректен тұрады. Бұл көпір Жаңаталап тұрғын алабын қаланың орталығымен байланыстыратын негізгі жолдың бойында орналасқан. Соңғы жылдары Бадам өзеніндегі су деңгейінің ...
Читать далее »Шымкент
Шымкентте веложол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақ ашылды
Балалар теміржолының орнына заманауи веложол мен аяқжол салу жұмыстары жүргізіліп, қараусыз қалған аумақ жаңа серуен аймағы ретінде пайдалануға берілді. Бұл аймақ Қажымұқан атындағы стадионнан бастап, Дендросаябақтағы бұрынғы теміржол станциясына дейінгі аумақты қамтиды. Жалпы ұзындығы – 5,5 шақырым, орташа ені – 5 метр. Көлік өтетін жолдарда жаяу жүргіншілер үшін арнайы жол таңбалары сызылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жобаның аясында веложол, жүгіру жолдары ...
Читать далее »ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 476,9 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық қаржыландыру – 198 млрд теңге, коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру – 67,9 млрд теңге). Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті (өткен жылға қарағанда +13%). Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие ...
Читать далее »ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 370 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Биыл Шымкент қаласы Қаратау ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. 2023 жылы аудан аумағында 30 көше жарықтандырылса, биыл 370 көшеге жарық жүйелері жүргізілді. Сондай-ақ ауданда бір жылда 206 көше толығымен асфальттеліп, тұрғындар өтінішіне сәйкес 19 орынға ирригациялық арық салынды. Жергілікті азаматтардың өтініші негізінде 21 аулаға балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 аулаға ашық спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді. Ағымдағы жылы 4 елді ...
Читать далее »Одна елка – сотни улыбок — в Шымкенте прошла Президентская ёлка
24 декабря в Выставочном центре Шымкента состоялся волшебный праздник для 300 детей — новогодняя Президентская ёлка под названием «Добро пожаловать, Новый год!». Это мероприятие собрало под своим крылом юных шымкентцев из самых разных уголков города, даря им радость, вдохновение и веру в чудеса. Среди гостей праздника — дети из многодетных и малообеспеченных семей, сироты, оставшиеся без попечения родителей, а также ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жедел әрі сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейі артып отыр. Шымкент қаласында жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақыны көбейту, баспана салу, жол жөндеу, жарықтандыру сияқты маңызды мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Осылайша ауқымды жобалар жоспарлы түрде жүзеге асып жатса, кезек күттірмейтін кей мәселелер көшпелі кездесулерде-ақ шешімін табуда. Биылғы жылы қала экономикасының өсімі ...
Читать далее »ЖҰМАТ ШАНИН ТЕАТРЫ ШАҚЫРАДЫ!
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры желтоқсан айының 5-6 күндері сағат 18:30-да TURANDOT пьесасының желісі бойынша К.Гоццидің «Махаббат по расчету» спектакліне шақырады. Келіңіздер, көріңіздер, өкінбейсіздер! © Jetpisbai.kz
Читать далее »Шымкентте шахматтан қалалық турнир жеңімпаздары анықталды
Шымкент қаласында «Зияткер ұлт» жобасы аясында 2024 жылдың қараша айында өткен шахматтан “Ойлы болсаң, озып көр” атты қалалық турнирі үлкен қызығушылық пен тартысты бәсекеге айналды. Бұл зияткерлік жарыс үш топ бойынша ұйымдастырылып, жастардан бастап ардагерлер мен ересектерге дейін барлығы өз шеберліктерін көрсетті. Турнир Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен ұйымдастырылды. ...
Читать далее »КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. Мегаполис басшысы ең алдымен жылыту маусымында тұрғындардан келіп түскен проблемаларға тез арада кері байланыс орнату керек екенін айтты. Сондай-ақ азаматтарға құбырларды тазалау бойынша түсіндірме жұмысын тұрақты жүргізу қажет деді. Күн тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев өнеркәсіп саласының дамуына қатысты баяндама жасады. ...
Читать далее »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында абаттандыру жұмыстары бойынша ауқымды істер атқарылып келеді. Жалпы аудан аумағында 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысып келеді деген сөз. Нақтырақ айтар болсақ, 2023 жылы тұрғындар ұсынысы ескеріліп, 27 балалар ойын алаңшасы орнатылды. Ал ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары