Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент (страница 56)

Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТЫЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласында бүгінде 93 761 зейнеткер бар. Оның ішінде ҰОС ардагері – 2, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгені – 2 106, тыл еңбеккері — 1 729. Мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек қаржысы 17 528 адамға өз тәртібімен төленіп жатыр. Биыл шаһардағы 7000 ардагер мен зейнеткерді санаторлық-курорттық емделуіне жолдама беру қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу тәсілімен 5 мың, ...

Читать далее »

АУАНЫ ЛАСТАҒАН КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

Шымкентте 4 кәсіпорынның жұмысы сотпен тоқтатылып, 4 кәсіпорынның жұмысы сотта қаралуда. Бұл жөнінде 2024 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Департаменттің атқарған жұмыстарына тоқталған Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев баяндады. Жалпы, департаментпен 2024 жылдың 8 айында 23 жоспардан тыс тексеру, оның ішінде профилактикалық бақылау –7, талаптарға сәйкестігі – 6, жоспардан тыс –10 тексерістер жүргізілген. – Тексерулер нәтижесінде жалпы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 230 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСЫП, 18 МЫҢ ТОННА ҚАЛДЫҚ ШЫҒАРЫЛДЫ

Шымкент қаласында сәуір айынан бері өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шараға 230 мыңға жуық тұрғын, 2301 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, сондай-ақ 687 әлеуметтік мекеме қатысты. Акция барысында 10 170 бірлік техника жұмылдырылып, 18 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. Бұл жұмыстарға күн сайын 2000-нан астам жұмысшы мен 150 арнайы ...

Читать далее »

ФРАНЦИЯДАН ЖЕҢІМПАЗ БОП ОРАЛҒАН!..

Шымкенттік студент Францияда өткен WorldSkills халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды. «WorldSkills» Чемпионат халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және цифрлық трансформация жағдайында жұмысшы мамандықтары мен заманауи техникалық білімнің маңыздылығын арттыруға бағытталған, оған әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды. Мақсаты — бүкіл әлем бойынша техникалық мамандықтар бойынша кәсіби даярлықтың мәртебесі мен стандарттарын насихаттау. Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Францияның Лион қаласында «WorldSkills Lyon-2024» халықаралық чемпионаты бастау ...

Читать далее »

71 ТҰРҒЫН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Гемабластоздар және гинекологиялық қатерлі ісіктердің алдын алу мақсатында Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні аясында онкогематолог және онкогинеколог дәрігерлер тексеруіне 71 пациент келді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде 2 пациент қатерлі ісікке күмәнді деп танылып, қатерсіз ісік — 18 пациенттен, басқа да ауру белгілері 34 пациенттен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымы бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Департамент басшысы лауазымына Қанат Турсымбайұлы Сулейменов тағайындалды. Осы мақсатта қалаға Агенттік төрағасының орынбасары Мақсат Жебегенов арнайы келді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа басшы қала активі мен қызметкерлеріне таныстырылды. — Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ: КЕЗ-КЕЛГЕН ЖЕРДІ ҚАЗЫП, ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУҒЫЗУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінде апатты нысандардың мәселелері мен «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы және су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралар талқыланды. Құрылыс басқармасының басшысы О.Тәжібаев сейсмикалық қауіпті аумақтарда орналасқан тұрғын үй-жайларды сейсмонығайту шараларын баяндады. 233 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілген.Нәтижесінде, сейсмонығайтуды қажет ететін – 68, апатты – 67 үй анықталған, тұрақты жағдайда – 98 үй. Қала әкімі тиісті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Шымкент қаласында белсенді жастар арасында қалалық дебат турнирі сәтті аяқталды. Турнир барысында жас қатысушылар “АЭС-тің экономика мен экологияға пайдасы” тақырыбында қызу пікір алмасты. Олар атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, бұл мәселенің экономикалық және экологиялық аспектілеріне қатысты түрлі көзқарастарын білдірді. Қатысушылардың пікірталас мәдениеті мен терең талдаулары көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті. Турнирдің нәтижесі бойынша үздік деп танылған командалар мен ...

Читать далее »

Экстремизмнің тарихы, мәні және орын алу себептері

Экстремизм – «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді. Жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарас. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында күзгі әскерге шақыру науқанының басталуына орай арнайы жиын өтті. Іс-шара жастарды әскерге ынталандыру, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, патриоттық тәрбиені насихаттауды мақсат еткен. Жиынға Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштер ардагерлері, қалалық білім басқармасының өкілдері, орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты. Жиында қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдардың өкілдері өз бөлімдеріне әскерге шақырылушыларды ...

Читать далее »