Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент (страница 75)

Шымкент

ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ: АУЫР ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖОҚ

«Ордабасы» индустриялық аймағында орын алған төтенше жағдай кезінде жедел жәрдем қызметі, сонымен қатар эвакуациялық орталықтарда дәрігерлер жүйелі жұмыс атқарды. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде ауыр халге түскен науқастар тіркелмеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға болған аумақта 10 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етті. Тұрғындар эвакуацияланған орындарда емхана дәрігерлерінен кезекшілік ұйымдастырылды. Төтенше ...

Читать далее »

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Құрметті тұрғындар! Өрттен тараған түтіннен жайсыздық сезімі байқалса, жақын маңдағы емханаға жүгініңіздер, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Улану кезіндегі белгілер: * Бас айналу, үйлестірудің бұзылуы; * Мұрын мен жұтқыншақ аймағында қан ағымының жоғарылауы; * Тамақтың қышуы, дауыстың жоғалуы немесе қарлығуы, құрғақ жөтел және мұрынның ағуы; Күкіртті ангидрид концентрациясының жоғарылауымен шырышты қабаттардың, трахеяның және ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Олимпиада чемпионы атанды. Ол дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада Чемпионы болды. 60 келі салмақта қазақ палуаны финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.  Осылайша спорттық мансабындағы үшінші олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды. Тараздық татами шебері ...

Читать далее »

Шымкенттегі «KMG Supple Company» ЖШС-нің аумағында өрт: себептері мен салдары

Бүгін, 27 шілдеде Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында техникалық газ күкірті тұтанып, өрт басталды. Өрт «KMG Supple Company» ЖШС-інің ашық алаңында сақталып тұрған күкірт қаптарын шарпыған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков оқиға орнында. Өртті жою үшін Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды: 84 қызметкер және 22 бірлік техника өртті сөндіру ...

Читать далее »

ТАРИХИ НАҚЫШТА ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНАДЫ

Кеңес дәуірінің сәулет өнерінің туындысы болғанына қарамастан, жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Материалдары талан-тараж болып, ғимарат конструкциясына орасан зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында коммуналдық меншікке өткеннен кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігіне көз жеткізді. Сондықтан 1975 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ «МҰЗ САРАЙЫ» МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Қаламыздың жанашыр тұрғындары “Мұз сарайының” тағдырына алаңдаулы. Себебі, бұл мегаполистегі қысқы спорт түріне бағытталған жалғыз орын, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан халық игілігі үшін бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың қатарында “Мұз сарайының” ғимаратына қатысты да іс шаралар бар. Нысан осыдан жеті жыл бұрын «Мұнай ...

Читать далее »

АУДАН АУМАҒЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫ НАСИХАТТАУ СИПАТЫНДАҒЫ ЖАРНАМАЛАРДЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Абай ауданы әкімі аппараты, Абай ауданы жастар орталығы және полиция басқармасымен бірлесе отырып, синтетикалық есірткілердің жарнамаларын жою мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде коммерциялық құрылымдардың, көпқабатты үйлердің қабырғаларына, көше бойындағы бағаналарға жазылған синтетикалық есірткі жарнамалары жойылды. Сондай-ақ, зерделеу барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықтама парақшалары таратылып, тұрғындармен кері байланыс орнатылды. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

Шымкент қаласының әкімі кезекті рет бірқатар білім беру нысандарын аралады. Солардың бірі, А.Сейдімбек атындағы №80, №48, М.Х.Дулати атындағы №8 және Б.Момышұлы атындағы №120 мектептерде болып, онда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Танысу барысында салалық басқарма басшыларына тек құрылыс барысына ғана емес, жақын маңдағы аумақтардың санитарлық жағдайына да бақылауды күшейтуді тапсырған қала әкімі күзге қарай аталған аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРҒА 423 МЛН.ТЕҢГЕДЕЙ АҚША АУДАРҒАН

Өкінішке қарай қазіргі қоғамда алаяқтық мәселесі кеңінен белең алуда. Күніне алаяқтардың құрбаны болған қаншама жанды көріп, естіп жатамыз. Бөтеннің мүлкін заңсыз жымқырып немесе алдау, арбау арқылы иемденіп алу – нағыз алаяқтық. Бұған елімізде заң күші қатал бекітілген. Дегенмен, алаяқтықтардың әрекетіне құрық салу мүмкін болмай тұр. Мәселен, Шымкент қаласында 2023 жылы 960 жәбірленуші қаржылық пирамидаға тіркеліп, 720 млн. теңгеге шығынға батса, ...

Читать далее »

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА САЛЫНАДЫ

Фосфоршылар сарайы бұзылатын болды. Кезінде жеке меншікке өтіп, кейін мүлдем қараусыз қалған мәдениет ордасы талан- таражға түсіп, мүлдем жарамсыз болып қалғанына да біраз жыл болды. Сол себепті де қаланың көркін бұзып тұрған нысан 2023 жылдың қараша айында коммунальдық меншікке өткен болатын. Кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігін айтты. Осыдан кейін 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ...

Читать далее »