Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент (страница 8)

Шымкент

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, қала дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Жиынды Қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов жүргізіп, отырысқа кеңес мүшелері, салалық басқармалар өкілдері және БАҚ қатысты. Күн тәртібінде жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ энергетика және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы атқарылған жұмыстар қаралды. Басқарма басшылары өз бағыттары бойынша жасалған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндама ...

Читать далее »

«Шымкент сазы»: жаңа дауыстар, жаңа үміттер

Шымкент тағы бір мәрте жас өнерпаздардың оттай жанған талантын танытатын алаңға айналды. Ұлттық музыканың дамуына серпін беріп, қазақ эстрадасына жаңа есімдерді қосу мақсатында ұйымдастырылған «Шымкент сазы» республикалық ән байқауы биыл қаламызда алғаш рет өтті. Шараға Шымкент қалалық әкімдігі бастамашы болып, жас дарындарға кәсіби сахнаға жол ашатын маңызды мәдени жоба ретінде қолға алған. Өнердің отын маздатып, сахнаның сәнін кіргізуге келген кіл ...

Читать далее »

Семейные ценности как основа здорового общества

В городе Шымкент, в рамках республиканской акции «16 дней активности против насилия», состоялась масштабная встреча, направленная на активизацию общественного сознания. Основная цель этого собрания – широкая пропаганда стабильности семьи и безопасности каждого ее члена, что является одной из важнейших и священных ценностей в обществе. Встреча прошла содержательно и осмысленно под глубокой темой «Благополучная семья – начало крепкого общества». В ходе ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында қоғамдағы ең маңызды құндылықтардың бірі – отбасы тұрақтылығы мен қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған кездесу өтті. Шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Кездесу «Берекелі отбасы – берік қоғамның бастауы» деген тақырыппен өтіп, жастар тәрбиесі, отбасылық құндылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін кеңінен қамтыды. Іс-шараға ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қалалық Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұркен Әлімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Концерттің негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны насихаттау және ұрпақ сабақтастығын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН РӘСІМДЕУ ҚЫЗМЕТІ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 464 отбасы немесе 1045 адам қандас мәртебесін алған. Алты айға мәртебесін ұзартқан азаматтар саны – 30 адам. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі – Өзбекстаннан келген 1029 адам, Қытай мен Ресейден – 7 адамнан, ал Қырғызстан мен Шри Ланкадан – 1 адамнан. Олардың көбісі құрылыс саласында, сауда-саттықта және басқа да салада еңбек етеді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ ЕКІ КӘСІПОРНЫ «ПАРЫЗ-2025» КОНКУРСЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ

Астана қаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Еліміз бойынша жүздеген компания қатысқан конкурста Шымкенттің «ЕвроКристалл» ЖШС мен «Dala-Construction.KZ» ЖШС жоғары нәтижеге қол жеткізіп, лауреат атанды. Бұл кәсіпорындар өңірде әлеуметтік жобаларды дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамды қолдауға бағытталған бастамалары арқылы ерекшеленді. Олардың жобалары қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік қорғау шараларын кеңейту және өңірдегі ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН АРАЛАП, ТЕКСЕРДІ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбек Қаратау ауданындағы Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында салынатын жолайрық құрылысының жобасымен танысты. Жоба көлік жүктемесін азайтуға, өткізу қабілетін арттыруға және жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған. Жолайрық құрылысы аяқталғаннан кейін көлік ағымы оңтайланып, жолдағы уақыт қысқарады және жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Сонымен қатар, тасымал инфрақұрылымын дамыту аясында Шұбаркөл көшесінің Өтегенов көшесінен Қазиев ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі және Қоғамдық кеңесінің мүшелері бірлесе қала аумағында жүргізіліп жатқан бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралау және жұмыс барысымен танысу іс-шарасы өтті. Кенжехан Төлебаев бастаған қала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері маңызды жол құрылыстары және бірқатар әлеуметтік нысандармен танысты. Көпшілік алдымен Қонаев даңғылы жалғасының 2-кезеңі бойынша атқарылған жұмыстарды аралап көрді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ САЗЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында ұлттық музыканың дамуына серпін беріп, қазақ эстрадасына жаңа есімдерді танытуды мақсат еткен «Шымкент сазы» республикалық ән байқауы өз шымылдығын түрді. Байқау жас таланттарға кәсіби сахнаға жол ашып, өңірлердегі өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсетуді көздейді. Байқау аясында бүгін «Қызғалдақ» сарайында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиында қазылар алқасының толық құрамы таныстырылып, байқауға қатысты сұрақтарға жауап берілді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен ...

Читать далее »