Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 230)

Қоғам

Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов анықтаушыларды төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады

1991 жылы 6 қыркүйекте ішкі істер органдарында анықтау қызметі құрылды. Бұл сала — тергеудің жеделдетілген бір түрі десек болады. Атаулы мереке қарсаңында Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген анықтаушыларды марапаттады. Атап өтсек, өз ісінің маманы полиция майоры Досхан Абиш, полиция капитандары Әсел Оразалы мен Нығметжан Керім, полиция аға лейтенанттары ...

Читать далее »

Пәтердегі өрттен тұрғындарды аман алып шыққан полицей Олжас марапатталды

Күні кеше әлеуметтік желіде өрттен мүмкіндігі шектеулі азамат пен кішкентай қызды құтқарған түркістандық полицейдің бейнежазбасы кеңінен таралып, көпшілікті тәнті еткен еді. Осыған орай аталмыш учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Олжас Ерсұлтановты, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қабылдады. Міндетін адал атқарып, өз өмірін қатерге тіге отырып, тұрғындарды құтқарғаны үшін полиция капитаны Олжас, «Қазақстан Полициясына 30 жыл» төсбелгісі, ...

Читать далее »

Түркістан облысының полицейлері ескертеді: алаяқтардан сақ болыңыз!

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуларын сұрайды. Алаяқтар жәбірленушілермен байланысу үшін кез келген құралдарды пайдаланады, оның ішінде, телефон, пошта, электрондық пошта және ғаламтор (интернет). Олар сеніміңізге кірген соң барып өзіне ең қажетті нәрсе, яғни ақша сұрай бастайды. Сол сеюепті алаяқтардың сеніміңізге кіріп, арам пиғылын іске асырмас үшін кез-келген адамға өзіңіз туралы ...

Читать далее »

ІШКІ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТҰРҒЫНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

Шаһарымыздың қыс мезгіліне дайындығы бойынша қала басшысы бүгін «ОНС-Моторная» сорғы станциясына барды. Ондағы жөндеу жұмыстары барысымен танысып, тиісті сала мамандарымен дайындық жұмыстарын талқылады. Шымкент қаласының «Оңтүстік» бөлігінің тұтынушыларын «ТЭЦ-3» жылу қуатымен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 836 көпқабатты тұрғын үй, 51 білім, 8 денсаулық сақтау, 4 құқық қорғау органдарының нысаны бар. «ОНС-Моторная» сорғы станциясы 2007 жылы қолданысқа берілген. 2 дана Д-1250-125YXЛ ...

Читать далее »

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРУДА

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бұл жылы 19,4 шақырымдық ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 17,8 шақырымы біткен, бұл 92 пайызды құрайды. Соның ішінде, Толстой – Адырбеков көшесінде 357 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Бүгінде оның 267 метрі аяқталса, қыркүйек айының соңына дейін толық ауыстырылып бітпек. Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшысына жылыту маусымы кезеңіне ...

Читать далее »

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қоғамның дамуы – мемлекеттің дамуы. Ал сол қоғам тыныштығын сақтауда тәртіп сақшыларының атқарар қызметі көп. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы бойынша өткен басқосуда айтылды. Жиынға Шымкент қалалық ақпарат-насихат тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрметті депутаты Еркін Сатқанбаев пен қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев келді. Қалалық полиция департаменті басшысының кадр ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ЖОЛДАУҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Шымкенттік медицина мамандары мемлекет басшысы жариялаған жолдауына қатысты пікір білдірді. Маңызды құжатты талқылау жиынына қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен мемлекеттік медицина ұйым басшылары, саясаттанушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Шараға қатысушылар сөзінше, бейінді дәрігерлерді дайындап, денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру аса маңызды шешім. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Мадияр Есенгелдіұлы өткен брифингте мәлімдеді. – Қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталды. Өткен жылу беру маусымында өрттің саны 11%-ға азайған. 2021-2022 жылдары улы газбен улану жағдайлары тіркелмеген. Улану жағдайларының негізгі себептері – газ қазандығының дұрыс жұмыс жасамауы, мұржаларының жоқ болуы, газ колонкасын пайдалану ережелерін бұзу, ауа тартқыш ...

Читать далее »

Шымкенттік полицейлер оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді

Шымкент қаласындағы №52 жалпы орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың ата-аналарымен кездесу өтті, деп хабарлайы jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Рахимжан Хамитов кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынатынын айтып, баяндама оқыды. «Бүгінгі таңда қоғамның ...

Читать далее »

Шымкент: полицейлер жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігін еске салады

Қаратау ауданы Полиция басқармасының полицейлері жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігін еске салады. Шымкент қаласы аумағында жаңа оқу жылының басталуы кезеңінде қоғамның назарын балалардың жол-көлік жарақаттары мәселесіне аударту мақсатында «Абайлаңыз балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және мектептермен бірлесіп, білім беру нысандарының жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ оқушылармен сабақтар, дәрістер өткізу, ...

Читать далее »