Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 5200-ДЕН АСА АЗАМАТҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 5200-ДЕН АСА АЗАМАТҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 5437 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген. Қазіргі таңда аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған.
Оның ішінде, 835 азамат протез ортопедиялық құралдар, 179 тұрғын сурдо техникалық құралдармен қамтылса, тифло техникалық құралдармен 392 адам қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мүгедектігі бар 408 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 115-і ымдау тілі маманының қызметін алған.
Жалпы, Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар. Былтыр 2098 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар берілген. Автокөлікпен тасымалдауда 189 азамат инватакси, 16 тұрғын әлеуметтік такси қызметіне жүгінді. Бүгінге дейін ерекше қажеттілігі бар 312 азамат қоларбамен қамтылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*