Түркістан облысы полиция департаменті ЖПҚ Табиғатты қорғау тобының инспекторлары заңсыз аңшылық, балық аулау, сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жан-жануарларды жоюдың алдын алу, болдырмау бағытында облыстың әр түкпірінде тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Осындай кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізу кезінде Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының инспекторлары мен су қорықшылары бірлесіп, Арнасай шығанағының аймағында «гарпун» құралын пайдаланып, заңсыз ...
Читать далее »Қоғам
Түркістан полицейлері жоғалған 10 жасар жасөспірімді тауып, үйіне қайтарды
Түркістан қаласы полиция басқармасына күндізгі сағат 10:30 шамасында жергілікті тұрғын әйел 102 сымтетігі арқылы хабарласқан, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның айтуынша 10 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ анасының өз баласын іздеп жүргеніне 3 тәулік болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген. Түркістан қаласы полиция ...
Читать далее »Полицейлер көпбалалы анаға азық-түлік, қаржылай көмек беріп, балаларын оқу құралдарымен киім-кешекпен қамтамасыз етті
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтайтын полицейлер аз қамтылған отбасыларға көмек беруді де естен шығармайды. Мұндай іске ұйытқы болып отырған Түркістан облысынығ полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің бастамасымен түркістандық полицейлер мұқтаж жандарға қол ұшын созудан тартынып қалған емес. Осындай қайырымдылық жасауды әдетке айналдырған, Кентау ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ САПТЫҚ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін дүйсенбі 18 маусым күні сағат 08:00-де Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев жеке құрамның дайындығы мен даярлығын тексеру мақсатында саптық жиын өткізді. Іс-шара ең алдымен мемлекеттік ән ұранмен басталды. Шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы қызметкерлері қатысты. Саптық жиын барысында тергеу бөлімінің, патрульдік полиция ротасының және жеке құрам қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қызметкерлердің азаматтармен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 76 МОБИЛЬДІ БРИГАДА ЖАСАҚТАЛДЫ
Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақты. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Қошқарұлы және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызының қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен коронавирус инфекциясына қарсы жүргізіліп жатқан вакцинация, ревакцинация жұмыстары бойынша өткен баспасөз брифингте мәлім болды. – Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 7 744 науқас анықталды. Емделіп шыққан ...
Читать далее »ШЫҒЫС АЙМАЛМА ЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданындағы Шығыс айналма жолының құрылысын тексерді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бүгінде айналма жолдың құрылыс жұмыстары қарқынды. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. 1-кезеңі №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Айналма жолдың ұзындығы — 3,9 шақырым, 4 жолақты және ені — 60 метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 28% ...
Читать далее »Құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген қойшы ұсталды
Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағымданушы ер адамның айтуынша, ол өзі басқарып отырған жайылымдық жердегі қойшыға асыл тұқымды малдарын сеніп тапсырған. Алайда, мал басын түгелдеуге барғанда, олардың толық емес екендігін байқаған. Осылайша жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 380 000 ...
Читать далее »Техникалық тауар сататын дүкенге ұрлыққа түскен үш азамат ұсталды
Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағымданушының өз арызында, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алған сәттен бастап тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге келіп жетті. Содан соң полицейлер әккі ұрылардың дүкенге кіріп, 6 дана ұялы телефон, 3 ...
Читать далее »Егде жастағы әйелді өрттен аман алып шыққан жетісайлық полицей
Отбасылық жағдайына байланысты Шымкент қаласына барып, қайтып келе жатқан жетісайлық полицей Аян Рысбеков, өрт ішінен егде жастағы әйелді алып шығып, ерлік жасады. Нақтырақ айтсақ, полицей Аян өзінің отбасымен бірге көлікпен келе жатып, сусын алу үшін Қазығұрт ауданына қарасты күре жолдың бойындағы дүкені бар жазғы тамақтану орнына тоқтайды. Осы сәтте көліктен түскен полицейге сол жердегі жас қыз жүгіріп келіп, өрт болып ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері мен коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшыларымен жиналыс өткізді. Онда қаланың санитарлық-тазалық сақтау мәселесі көтерілді. Шаһар басшысы аудандарда санитарлық-тазалық сақтау, көгалдандыру, шөп ору жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, жұмысына жуапсыздық танытқан бірқатар басшыларға ескерту жасады. — Тазалық жүргізетін мердігерлер анықталып, жұмысын бастағанына 3 айға жуықтағанымен, тұрғындар тарапынан шағымдар саны азаймауда. Әлеуметтік желіде ай ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары