Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 280)

Қоғам

ШЫМКЕНТ: 76 МОБИЛЬДІ БРИГАДА ЖАСАҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай әзірге тұрақты. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Қошқарұлы және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызының қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен коронавирус инфекциясына қарсы жүргізіліп жатқан вакцинация, ревакцинация жұмыстары бойынша өткен баспасөз брифингте мәлім болды. – Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 7 744 науқас анықталды. Емделіп шыққан ...

Читать далее »

ШЫҒЫС АЙМАЛМА ЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданындағы Шығыс айналма жолының құрылысын тексерді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бүгінде айналма жолдың құрылыс жұмыстары қарқынды. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. 1-кезеңі №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Айналма жолдың ұзындығы — 3,9 шақырым, 4 жолақты және ені — 60 метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 28% ...

Читать далее »

Құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген қойшы ұсталды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағымданушы ер адамның айтуынша, ол өзі басқарып отырған жайылымдық жердегі қойшыға асыл тұқымды малдарын сеніп тапсырған. Алайда, мал басын түгелдеуге барғанда, олардың толық емес екендігін байқаған. Осылайша жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 380 000 ...

Читать далее »

Техникалық  тауар сататын  дүкенге ұрлыққа түскен үш азамат ұсталды

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция басқармасына жергілікті   тұрғынның тарапынан арыз-шағым келіп түскен,  деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағымданушының өз арызында, белгісіз біреулердің дүкеніне  ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алған сәттен бастап тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге келіп жетті. Содан соң полицейлер әккі ұрылардың   дүкенге  кіріп,  6 дана  ұялы телефон, 3 ...

Читать далее »

Егде жастағы әйелді өрттен аман алып шыққан жетісайлық полицей

Отбасылық жағдайына байланысты Шымкент қаласына барып, қайтып келе жатқан жетісайлық полицей Аян Рысбеков, өрт ішінен егде жастағы әйелді алып шығып, ерлік жасады. Нақтырақ айтсақ, полицей Аян өзінің отбасымен бірге көлікпен келе жатып, сусын алу үшін Қазығұрт ауданына қарасты күре жолдың бойындағы дүкені бар жазғы тамақтану орнына тоқтайды. Осы сәтте көліктен түскен полицейге сол жердегі жас қыз жүгіріп келіп, өрт болып ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері мен коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшыларымен жиналыс өткізді. Онда қаланың санитарлық-тазалық сақтау мәселесі көтерілді. Шаһар басшысы аудандарда санитарлық-тазалық сақтау, көгалдандыру, шөп ору жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, жұмысына жуапсыздық танытқан бірқатар басшыларға ескерту жасады. — Тазалық жүргізетін мердігерлер анықталып, жұмысын бастағанына 3 айға жуықтағанымен, тұрғындар тарапынан шағымдар саны азаймауда. Әлеуметтік желіде ай ...

Читать далее »

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ

Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі. Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық. Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Еңбекші ауданының жастарымен өтті. Бұл кездесу ...

Читать далее »

«Үздік ерлік жасаған қайырымды батыр» атағын алған Түркістан полицейі

Біреудің арманын орындау кез-келгеннің қолынан келмейтін үлкен ерлік! Бүгінде осындай игі істерді жасап, алғыс арқалап жүрген жастар саны жетерлік. Мәселен елімізде адамдарға жақсылық жасаудан жарысып жүрген «Мейірімді асыл адам» қайырымдылық қоры бар. Бұл қайырымдылық қорында еріктілер, халыққа қамқор болып, қолдау көрсетіп жүреді. Сондай-ақ әр жылы қорытынды мерекелік шарасын ұйымдастырып, қайырымдылық жасап, ел аузында қалған «Асыл адамдарды» анықтап, марапаттайды. Күні кеше ...

Читать далее »

Полицейлер жарты жылда заңсыз айналымнан 500 келіге жуық есірткі затын тәркіледі

2022 жылдың 6 айында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 157 деректі анықталды. Оның ішінде есірткі контрабандасы-26, есірткі сату-25, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 11 жайт тіркелген. Ал заңсыз айналымнан 500 келіге жуық есірткі заттары тәркіленіп алынды. Сонымен қатар есірткіге тәуелді тұлғалардың саны 431-ден 364-ке төмендеді. Бұдан бөлек Түркістан облысы ПД Есірткі ...

Читать далее »

КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛМАУЫ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Бүгін қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды. Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қаладағы эпидахуалды қатаң бақылауға алудың және карантинге қайта кірмес үшін азаматтардың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Коронавирустың ықтимал толқынының алдын алу мақсатында қала тұрғындары арасында ревакцинациялау және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізуді, мобильді ...

Читать далее »