Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Ә.Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаңтар-шілде айлары арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын айтып өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпарттық агентігі.
Өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр. Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 52,6 млрд.теңге, жеке көздерден 166,5 млрд.теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 76,7 млрд.теңге немесе 120,5 пайыз құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 371,8 мың шаршы метр немесе 115 пайыз болды. Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 9,8 пайызға артты. Жалпы көлік көлемі 158,5 млрд. теңге болып, 107,2 пайызды құрады.
Байланыс қызметі 4,8 млрд. теңгені немесе 104,7 пайызды құрады. 2021 жыл Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 2,6 трлн. теңгеден асты, экономикалық өсім 5,4 пайызды құрады. Биылғы жылы алғашқы бес айда өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7,9 пайызға, инвестиция көлемі 29,2 пайызға, құрылыс жұмыстары 3,4 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 44,5 пайызға, бөлшек сауда көлемі 18,5 пайызға артты. Айта кетейік, Шымкент қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың 8 айында 201,1 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,9 пайызға артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның құрылымында жекеменшік инвестицияның үлесі 72 пайыз болса, мемлекеттік инвестицияның үлесі – 28 пайызды құрайды.
Соңғы 4 жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскен. Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 млрд. теңгеден 785,4 млрд. теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған.