Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 484)

Қоғам

ПАРА АЛУ МЕН БЕРУ: ЖАЗА КАТАҢ

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегияны іске асыру мақсатында ҚР 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Аталған Заң — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық ...

Читать далее »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты іс-әрекетте: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңінің іске асырылу қорытындысы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Тәуелсіздік алған сәттен бастап   Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының идеологиясы заманауи кезеңде Елбасы алға қойған «Қазақстан — 2050» Стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде қойылған міндеттердің арқасында дамудың қуатты серпінін алды. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты міндеті ...

Читать далее »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БІЗДІҢ ҚОҒАМДА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп, небір тегеурінді қарсылықтарға қарамастан, қайда көп қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын қатты алаңдатып отырғаны анық. Шымкент қаласы Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ  лицейінде сыбайлас жемқорлыққа алдын алу мақсатында онлайн режимде ата-аналар және ұжым ...

Читать далее »

БҮГІНГІ КҮНГІ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ОТЫР

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып ...

Читать далее »

«ХАЛЫҚ БЕРЕКЕСІ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен шаһарда «Халық берекесі» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар үшін уақытша тұруға көпқабатты үй салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен мәжіліс барысында мәлім болды. Игі бастама аясында қиын жағдай тап болған отбасылар 3 жыл бойы тегін үйді уақытша мекен етеді. Бұл уақыт аралығында отбасыларға ...

Читать далее »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ...

Читать далее »

ЗАҢМЕН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

Сыбайлас жемқорлық бойынша заңға қайшы іс-әрекет істеп жатқан азаматтардың қылмыстары көзге көріне бермейтін қылмыс. Сондықтан да оның ізіне түсіп, қолға ұстап алу қиын. Ол табиғатында құпия түрінде жүзеге асырылатын қылмыстар қатарына жатады, ұстала қалған күннің өзінде сан алуан түлкі бұлаңға салып, жазадан сытылып кетудің сан түрлі айлаларын іздейді. Бірақ не нәрсенің де шегі бар, қанша жерден құтылып кетуге тырысса да ...

Читать далее »

ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Өткен түнде Шымкент пен Сарыөзекте орналасқан Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері оқу — жаттығу дабылын қағып, жауынгерлік даярлыққа келтірілді, Бұл жөнінде қалалық «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығын қауырт тексеру шеңберінде өткізілуде. Бөлім командирлері Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» жалпыәскери полигонына бағынысты бөлімшелерді жіберуге жауынгерлік тапсырма алды. Әскери қызметшілер әскери машиналарда ...

Читать далее »

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕГІН ТИГІЗУДЕ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылды құқық бұзушылықтардың алдын алу және “қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидатын жүзеге асыру жылы деп жариялады. Соған орай, Шымкентте қабылданып жатқан жедел алдын алу шаралары қоғамдық орындарда жасалған қылмыстарды төмендетуге ықпал етуде. Мәселен, Жедел басқару ортылығы бейнебақылау тобының инспектоларымен 1-7 наурыз аралығында сыртқы бейнекамералары арқылы 5 қылмыс ашылды. Олар: ұрлық – 2, бұзақылық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Шымкенттік полицей жауынгерлік Джиу-Джитсудан әлем және Азия чемпионатына жолдама алды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада шымкенттік полицей жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында екінші орын алып, Әлем және Азия чемпионатына жолдама алғаны айтылады. «2021 жылдың 25-28 ақпан аралығында Алматы қаласында жауынгерлік джиу-джитсу бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Аталмыш додада ...

Читать далее »