Ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Ауылым алтын бесігім” өнер фестивалі Бадам ауылдық округінде жалғасын тапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шара бадамдық ардагерлердің ауданда жүзеге асырылып жатқан нысандармен танысуынан басталды. Фестиваль “Жастар аллеясында” жалғасып, қолөнер шеберлерінің және мектеп оқушыларының бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Спорт шеберлерінің жетістіктері мен марапаттары да паш етіліп, спорттық ...
Читать далее »Қоғам
ЗАҢСЫЗ САУДА ҚАЛА КӨРКІН БҰЗАДЫ
Қаланың көркін бұзатын ретсіз сауданы жою мақсатында Абай ауданының жауапты мамандары, тәртіп сақшыларымен бәрлесе жаңадан ашылған Шымсити саябағына рейд жұмыстарын күнделікті жүргізуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі күнге дейін аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасағаны үшін 50-ден аса азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған. ...
Читать далее »ОБЛЫС ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 200-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 19-20 шілде күндері «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, облыс тұрғындарын қабылдады. 22 орында өткен акцияның 2 тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселен жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу ...
Читать далее »«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫНДА ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАДНАМАЛАР ТАРАТЫЛДЫ
Бұл жолғы акцияны Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері пайдалы әрі ерекше шарамен өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақтырақ айтсақ, республикалық маңызы бар трасса бойында жүргізушілерге «Жолда абай болыңыз!» тақырыбында жаднамалар таратылды. Жол апаттары көбіне үлкен жол бойында орын алатындықтан, көлік иелеріне жылдамдықты асырмай, қарсы бағытқа ...
Читать далее »Негізгі міндеттерінің бірі – көпшілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту
Барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің негізгі міндеттерінің бірі – көпшілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту. Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында осы заңсыздыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге, оның ішінде қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін кеңейтуге ерекше назар аударылған. Облыстық қоғамдық кеңес жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерімен айналысатын комиссия құрылған. Комиссия негізінен жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуды, азаматтардың ...
Читать далее »Облыс полицейлері 200-ден астам тұрғынды қабылдады
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 19-20 шілде күндері «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, облыс тұрғындарын қабылдады. 22 орында өткен акцияның 2 тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді. Мәселен жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне, кадр саласына қатысты сауалдар көптеп қойылды. Жалпы ...
Читать далее »АУДАН БАСШЫСЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округіне арнайы барып Дархан елді мекеніндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамсыз ететін Құлтума каналының жағдайымен танысып, өзекті мәселелерді пысықтады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы ретте, шаруалар тарапынан Құлтума каналынан тармақтанып шығатын каналды қазып беру бойынша өтініштер мен ұсыныстар түскен болатын. Аудан басшысы шаруалардың өтінішін назарға алып, ...
Читать далее »ДИҚАНДАРҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН БАҒАМЕН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БЕРІЛЕДІ
Арыс қаласының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына!!! – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарамасы тарапынан Арыс қаласы аумағында орналасқан агроқұрылымдардың егістік жеріне байланысты бөлінген дизел отынын жеткізіп беруші опертор ретінде «Сити-Ойл» ЖШС-гі (директоры Бекжанов Ә, тел: 8 705-773-23-38) бекітілді. Сондай-ақ, 2024 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан бөлінген дизель ...
Читать далее »АУДАН БАСШЫСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТӨБЕ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ
Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы күш атасы, қазақ халқының даңқын әлемге әйгілі еткен палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған жері Ақтөбе ауылында болды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен палуанның тұрған үйіне барып, қолданған заттары мен жәдігерлерді тамашалады. Саз балшық пен сабаннан тұрғызылған саман үй 2009 жылдан бастап мұражайға айналып, Қажымұқанның тұрмыста қолданған заттары мен тарихи ...
Читать далее »БӘЙДІБЕКТІҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Бәйдібек ауданындағы пайдалы қазбаларды зерттеп, анықтап, соған сай жаңа өндіріс орындарын ашу керек, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл ретте, ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту маңызды. Бүгін Түркістан облсының әкімі Дархан Сатыбалдының Бәйдібек тұрғындарымен кездесуінде осындай ойлар, ұсыныстар айтылды. Тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді. – Біз ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары