Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет (страница 192)

Әлеумет

Түркістанда театр бар!

Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов – Мемлекеттік және Жастар сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның Халық артисі, профессор, Құрмет Орденінің иегері, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының бас жүлдегері, Еуропаның «Театр өнері» номинациясы бойынша белгіленген алтын медалінің, “Түркі әлеміне еткен еңбегі үшін, өнер әдебиет сыйлығы” иегері, ЖҒА академигі, Түркістан қаласы сазды-драма театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі. Түркістан драма театры ...

Читать далее »

Тағайындау

Болат Серікұлы ЖАНӘБІЛ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы «№9 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды. Болат Серікұлы бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыру-тәрбиелеу және әдістемелік жұмысы басқармасының бас сарапшысы, Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің өңірлік жастар саясатын үйлестіру басқармасының ...

Читать далее »

Апаттың алдын алайық!

Оңтүстік Қазақстан облысында жол саласына қатысты мамандар қыста атқаратын міндеттерін аяқтап, көктемдегі шараларға кірісіп кетті. Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырып жүрген «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары бүгінде Түркістан және Арыс қалалары мен Созақ, Түлкібас, Ордабасы аудандарында жағдайды қалпына келтіріп, көліктердің қауіпсіз ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды атқаруға мекеменің 100-ден астам жұмысшылары жұмылдырылған. Атап айтсақ, ...

Читать далее »

Сенатор Сарыағашта!..

Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күнінде ҚР Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері мен ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданындағы шекара қызметінің жұмысымен танысты. Ең алдымен сенаторлар Сарыағаш шекара жасағының «Жібек жолы» өткізу бекеті мен «Дархан» шекара заставасында болды. Олар қазақстандық шекарашылардың жауынгерлік қызметімен танысып, инфрақұрылым нысандарын аралады. Сонымен қатар, ҰҚК ...

Читать далее »

В Южно-Казахстанском областном суде чествовали ветерана войны и судебной системы А.Бекназарова

В торжественном мероприятии приняли участие председатель и судьи областного суда, заместитель акима области, председатель Совета ветеранов области и судьи в отставке, председатели и молодые судьи районных судов, руководитель Департамента по делам обороны и курсанты  военной школы «Жас улан», акимы Махтаральского района и Абайского района города Шымкента, представители СМИ. Мероприятие началось с возложения цветов к Доске Славы с именами судьей-участников Великой Отечественной ...

Читать далее »

Жаңа тағайындау

Әбдіғани Сейдуалиев

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың ұсынысымен, облыстық мәслихат депутаттарының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Әбдіғани Сейдуалиев тағайындалды. Ә. Сейдуалиев 1973 жылы туылған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Ішкі ...

Читать далее »

Кеш көңілін көтерген…

Түркі жұртының рухани да киелі астанасы – Түркістан төрінде бүгін түркітілдес халықтардың әні әуелеген күн болды. «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы мен Наурыз мерекесі аясында өткен мерекелік Гала-концертте Түркітілдес елдер мен Қазақстанның 160-тан астам өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, әннен шашу шашты. Халықаралық деңгейде өткен шараны Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері «Наурыз» әнімен ашса, Қазақстан, Татарстан Республикаларының Халық ...

Читать далее »

Түркістандағы торқалы той!

Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы тойлануда. Думанды Наурыз той мерекесіне орай, Қожа Ахмет Ясауи кесене маңында этно ауыл құрылып, онда ұлттық нақыштағы киіз үй әбзелдерімен әрленген 12 қанатты 33 киіз үй тігілді. Дастарханға ұлттық тағамдарымыз – қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат, наурыз көже, құрт, ірімшік, сірне, қаймақ, бауырсақ, ши бауырсақ, жент ...

Читать далее »

Той басталды Түркістанда!..

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасының салтанатты ашылуы мен Наурыз мерекесіне арналған Түркі әлемінің «Наурызнама» шарасы өтті. Түркі елдерінің тағдырын тоғыстырған киелі Түркістан төріндегі дүбірлі шараға 23 мемлекеттен келген Түркітілдес 25 ұлттан тұратын 300-ге тарта шетелдік қонақтар, халықаралық ұйым өкілдері, қазақстандық зиялы қауым және өнер тұлғалары, бұқаралық ақпарат құралдары мен оңтүстікқазақстандық тұрғындар, яғни, жалпы саны ...

Читать далее »