Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы (страница 11)

Аймақ тынысы

ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР КҮРДЕЛІ ОНКООПЕРАЦИЯНЫ СӘТТІ ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысында облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері онкологиялық дерттің IV сатысындағы науқасқа жоғары технологиялық күрделі операцияны сәтті жасады. 43 жастағы науқасқа «тік ішектің аденокарциномасы, бауырға метастаздар» диагнозы қойылып, бұған дейін ҚазНИИОиР базасында 6 курс химиотерапия алған. Дәрігерлер кешенді тексеруден кейін тік ішек пен бауырға бір мезгілде симультанды ота жасауға шешім қабылдады. Операция барысында тік ішекке резекция жасалып, колостома қалыптастырылды. Сонымен қатар ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, оның орнына заманауи талаптарға сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде. Қазіргі уақытта нысанның екі бағыттағы жүріс жолағында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоба толық сәуір айының соңына ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ТАРИХИ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛЕДІ

Түркістан қаласында жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында тарихи фильмдерді көрсету жобасы жүзеге асуда. Аталған бастама қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қолдауымен мектептерде қолға алынған. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тарихи сананы қалыптастыру. Осы бағытта Түркістан қалалық «Мәдениет үйінде» мектеп оқушыларына «Жаужүрек мың бала» тарихи көркем фильмі ұсынылды. Кино көрсетілімге қала әкімінің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖАС АҚЫН БАУЫРЖАН ЕРМАНМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесіне орай жас ақын, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Бауыржан Ерманмен кездесу кеші өтті. «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбында өткен жиында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер назарына ұсынылды. Көрмеде ақынның шығармалары, сондай-ақ 2026 жылғы Түркістанның таңдаулы туындылары қойылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Кеш барысында қаламгердің шығармашылығы жан-жақты насихатталып, поэзиядағы өзіндік ...

Читать далее »

СОЗАҚТА «ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Созақ ауданында «Таза аула» акциясы аясында барлық елді мекенде тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Игі шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты. Жалпы 7 мыңнан астам адам мен 17 арнайы техника жұмылдырылды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылындағы ішкі көшелерді аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына арнайы барып, отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйін көрді. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА 10 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде даңқты боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Биылғы жарыс спортшының 90 жылдығына орай ұйымдастырылды. Халықаралық додаға Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Кувейт, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ге жуық боксшы қатысып, 10 салмақ дәрежесінде ...

Читать далее »

КЕНТАУДА КІШІ ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Кентау қаласында кіші футболдан қала әкімінің кубогына арналған республикалық турнир өтті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов пен қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, доданың маңыздылығын атап өтті. Аталған спорттық шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарысқа Түркістан облысы, Шымкент, Алматы және ...

Читать далее »

КЕЛЕС АУДАНЫНДА БИЫЛ 2500 ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕРГЕ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Келес ауданында былтыр 22 924 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Нәтижесінде жалпы өнім көлемі 85,2 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 105,2 пайызға жеткен. Ал 2026 жылы бұл көрсеткішті 92,6 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Өңірде су тапшылығын шешу бағытында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы 1 168 гектар жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ АЛЮМИНИЙ ОРАМДАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Төлеби ауданында алюминий орамдарын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталды. Инвестициялық жоба «QAZCOILPRO» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 115 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде алюминий орамдарын өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы ірі өндіріс орындарының біріне айналады деп күтілуде. Зауыттың өндірістік қуаты екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде жылына 100 мың тонна өнім шығару жоспарланса, екінші кезеңде ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «ЖАҢА ҚОНЫС – 2026» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ішкі көші-қон үдерісін дамытуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Аудандық мәдениет үйінде «Жаңа қоныс – 2026» жәрмеңкесі аясында Шығыс Қазақстан облысынан арнайы келген делегация өкілдері жергілікті тұрғындарға ерікті қоныс аудару, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер және әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде ақпарат берді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 6 облыстан жалпы саны 11 856 бос жұмыс орны ұсынылды. Атап айтқанда, ...

Читать далее »