Шымкентте жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді. №276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда. Сондай-ақ, №108 бағыттағы 10 автобус Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына (ХҚКО) ...
Читать далее »Годовые архивы: 2024
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ БІЛІМ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ұлағатты ұстаздармен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. “Түркістан” сарайында өткен іс-шараға қаладағы мектеп және колледж директорлары, білім саласы қызметкерлері қатысты. Президент кеңесшісі Жолдау болашақ бағдарымызды айқындап берген құжат екенін, соңғы жылдары білім саласына көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. -Еліміздің саяси, идеологиялық бағытын жан-жақты түсіндіру мақсатында өздеріңізбен жүздесіп отырмын. Президенттің кезекті ...
Читать далее »Әлеуметік медианың құндылықтар мен институттарға әсері
Әлеуметтік медиа құндылықтар мен институттарға айтарлықтай әсер ете отырып, қазіргі қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл платформалар құрылған сәттен бастап әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен нормаларға терең әсер ете отырып, қарым-қатынас жасау, ақпаратты тұтыну және шындықты қабылдау тәсілін өзгерте бастады. Әлеуметтік медиа әсерінің ең маңызды аспектілерінің бірі – қоғамдық құндылықтардың өзгеруі. Жаһандану және цифрлық технология дәуірінде әлеуметтік медиа әртүрлі идеялар мен ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА «ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БІРЛІК ПЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Ішкі тұрақтылық – бірлік пен өркендеудің кепілі» тақырыбында семинар өтті. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинарда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту жайы талқыланды. Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл модераторлық етті. Жиынға Түркістан облыстық, аудандық, қалалық этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, Түркістан облыстық ҚХА ...
Читать далее »ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАНДА ЖАҢАДАН БОЙ КӨТЕРГЕН «ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтерген «Достық үйінің» жұмысымен танысты. Президенттің арнайы тапсырмасымен салынған кешенде «Қоғамдық келісім» мекемесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, сондай-ақ аймақтағы 11 этномәдени бірлестіктің өкілдіктері орналасқан. Мемлекет басшысы ғимаратты аралап көріп, жергілікті зиялы қауыммен және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен жүздесті. – Қастерлі Түркістан жеріне арнайы келіп ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ҚХА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті. Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева және қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков энергетикалық жүйені тұрақты дамыту мақсатында «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамет Ыдырысовпен кездесті. Кездесу барысында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Екіжақты серіктестік қала энергетикалық инфрақұрылымын кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жаңғыртуды қамтиды. Бұл қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктеріне сай ...
Читать далее »ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТУ ҮШІН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік мәселесі бойынша кешенді жоспар әзірленді. 2024-2026 жылдарға арналған жоспар заңсыз ойын бизнесімен және лудоманиямен күреске бағытталған шараларды қамтиды. Мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы құмар ойындарға тұрақты қатысатын адамдар санын 350 000-нан 201 600-ге дейін азайту жоспарлануда. Санат Жұмабайұлының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 26 ойын бизнесі субъектісі, оның ішінде 6 казино, 9 ойын ...
Читать далее »БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі тойланады. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту. Мерекеге орай, Шымкент қаласында «Адал еңбек – адам көркі»атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және ...
Читать далее »Ғаламтордағы түрлі радикалды көзқарастар
Бүгінгі күнде ғаламтор желісінде дін насихатшыларының саны артқан, олардың ішіде дұрысы да, бұрысы да табылады, әлеуметтік желіде әртүрлі атаумен жүздеген топтар мен сайттар арқылы өз арбау тәсілдерін жүзеге асырып отыр. Ғаламтор желісі еліміздің азаматтарын, әсіресе жастарды тура жолдан тайдыратын радикалды идеологияның негізгі құралына айналды. Олар түрлі «Facebook», «Vkontakte», «Instagram» және т.б. әлеуметтік желілерде өз идеологияларын дәріптейтін аудио және бейне уағыздар, ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары