Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАНДА «ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БІРЛІК ПЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БІРЛІК ПЕН ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Ішкі тұрақтылық – бірлік пен өркендеудің кепілі» тақырыбында семинар өтті.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинарда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту жайы талқыланды.
Семинарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл модераторлық етті.
Жиынға Түркістан облыстық, аудандық, қалалық этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы және мекеменің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары мен мамандары қатысты.
Ауқымды тақырыпты арқау еткен алқалы басқосуда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті директоры, т.ғ.к. Қайрат Анарбаев мазмұнды баяндама жасады.
— Бірлік қашанда берекеге бастайды. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды. Бұл орайда бүгінгі семинардың маңызы ерекше. Көпэтносты елеміздің қандай да бір жетістігі ішкі тұрақтылықпен тікелей байланысты. Дегенмен даму көші тоқтаған емес. Сондықтан бұл бағытта үнемі ізденіс үстінде болу маңызды. Бүгінгі семинардың да мақсаты осы. Осы саладағы қызметкерлердің уақыт талабына орай білім-білігін көтеру, тәжірибесін арттыру, — деді Ғалым Нұрмағамбетұлы.
Жиынға қатысушылар семинарда пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Семинар-тренинг соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Сонымен бірге, ҚХА-ның «Ақсақалдар кеңесі» республикалық отырысы аясында олардың елдегі этносаралық келісім мен бірлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, ҚХА этномедиация кеңесінің төрағасы Ш.Пулатов пен Ақсақалдар кеңесі өңірлерінің мүшелері қатысты.
Ғалым Шойкин өз сөзінде ақсақалдардың этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлінің маңыздылығына тоқталып, олардың қатысуы қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Спикер сондай-ақ құрметті ақсақалдардың қоғамдағы құндылықтарды, прагматизмді, білімділікті және адами қасиеттерді құрметтеуді, этникалық тегіне қарамастан азаматтар құқықтарының теңдігін ілгерілетудегі тәрбиелік рөліне назар аударды.
Семинарда этномәдени бірлестіктер басшыларының жастарды мемлекеттік тіл мен рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеуге, достық пен келісім дәстүрлерін сақтауға, жалпы азаматтық құндылықтарды дамытуға қосқан үлесі қозғалды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*