Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Июнь (страница 28)

Месячные архивы: Июнь 2024

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

«Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі мен салтанатты іс-шара өтті. Онда мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталып, жастар мерекелік шеру ұйымдастырды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Көпшілікке  «Елдіктің нышаны болған Елтаңба, Ту, Әнұранның» шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздердің қадір-қасиеті айтылды. Рәміздер алаңынан басталған патриоттық жиын одан әрі жастар шеруіне ұласты. ...

Читать далее »

МӘМС: ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ КЕДЕРГІСІЗ АЛУЫ КЕРЕК

Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Қоры КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің бас дәрігерлері және қызметкерлерімен кездесуде баса айтты. Халыққа МӘМС шеңберінде көмек көрсету емханалардан басталады. Науқастардан түсетін шағымдардың басым үлесі де медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы мекемелерге тиесілі. Медициналық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, пациенттерге қызмет көрсету барысында орын алатын өзекті мәселелерді ...

Читать далее »

ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, БАЙРАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, ӘНҰРАНЫМ — АЙБЫНЫМ!

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Астана қаласының оқушылары «Әнұраным – айбыным» атты челлендж бастаған болатын. Бастамаға 5-6 жас аралығындағы 50 шақты бүлдіршін атсалысып, Шымкент, Алматы қалаларына жолдады. Шымкенттік балалар ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған челленджді қуана қолдап, еліміздің өзге аймақтарына жолдады. Кішкентай патриоттардың орындауындағы Мемлекеттік Әнұранды қабыл алыңыздар! Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – отансүйгіштіктің белгісі. Қазақстанның әрбір азаматы ...

Читать далее »

БАЛҒЫН БАЛАЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ СӘН-САЛТАНАТЫМЕН АТАЛЫП ӨТТІ

Жартытөбе ауылында балдырған балалардың мерекесі кең көлемде, сән-салтанатымен аталып өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауыл ішіндегі «Астана» саябағы мерекеге сай безендіріліп, шараға 500-ге тарта бүлдіршіндер мен ата-аналар қатысты. Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов шараға жиналған жұршылықты мерекемен құттықтап, аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлының ыстық ықыласын жеткізді. Ауылдық округ бойынша білім ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті. Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өз әсерін тигізетін жаңа жобалармен таныстыру мақсатында өткен басқосуда жас кәсіпкерлер облыс аумағында атқарып жатқан жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жас кәсіпкерлер құрылыс, логистика, фармацевтика салаларына ...

Читать далее »

БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭДЕ ЕСУДЕН СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка мен каноэде есуден Л.Тәжиева атындағы № 4 спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер бақ сынады. Жалпы 70 жас спортшы қатысуға өтініш берген, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИДЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Төлеби ауданында қоғамдық-саяси және этносаралық ахуалға байланысты жергілікті атқарушы билік пен құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудандағы этносаралық қақтығыс алдын алу бойынша аудандық прокуратура, полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара жоспарын жүзеге асыру бойынша кеңесті. Түркістан облысы қоғамдық даму ...

Читать далее »

Есірткіден аулақ болу – әрбір азаматты ұстанымына айналуы керек

Жыл сайын маусым айының 26-шы жұлдызында «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні» аталып өтіледі. Түркістан облысы аумағында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 26 маусым «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні» аясында нашақорлыққа қарсы айлық профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Көптеген тағдыр иесінің тажалына айналған нашақорлық бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Негізінен, ...

Читать далее »

Полицияда сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жиын өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінде полицейлер арасындағы тәртіп пен заңдылықты одан ары нығайтып, сыбайлас жемқорлық және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша ауқымды іс-шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ. Сахов төрағалық етті. Ал қалалық, аудандық полицияның басшы құрамы селектор арқылы қосылды. Тәрбиелік мәні зор шарада баяндамалар жасалды. Басшылық жеке құрамға қай істе болмасын бірінші кезекте адал, мінсіз атқарудың ...

Читать далее »

Шымкентте “Бір күндік клиника” – атты бірегей жобасы іске қосылды

Шымкент қаласындағы қалалық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» – атты жоба іске қосылды. Енді жүктілікті жоспарлап жүрген аналар алдын ала анализ тапсырып, денсаулығын тегін тексере алады. Жобаның ерекшелігі болашақ аналар сәбидің саулығын тексеру үшін айлап, апталап медициналық зерттеудің талдауын күтпейді. «Бір күндік клиника» жобасы аясында барлық қажетті талдаудың нәтижесін 30-40 минутта білуге болады. Пилоттық жобаның ашылуына денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ...

Читать далее »