Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, БАЙРАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, ӘНҰРАНЫМ — АЙБЫНЫМ!

ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, БАЙРАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, ӘНҰРАНЫМ — АЙБЫНЫМ!

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Астана қаласының оқушылары «Әнұраным – айбыным» атты челлендж бастаған болатын. Бастамаға 5-6 жас аралығындағы 50 шақты бүлдіршін атсалысып, Шымкент, Алматы қалаларына жолдады. Шымкенттік балалар ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған челленджді қуана қолдап, еліміздің өзге аймақтарына жолдады.
Кішкентай патриоттардың орындауындағы Мемлекеттік Әнұранды қабыл алыңыздар!
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – отансүйгіштіктің белгісі. Қазақстанның әрбір азаматы Әнұранды жатқа айтып, Елтаңбасының тарихын түсініп, көк Туын мәңгі желбіретіп қойса, міне, осы – ұлттық рәміздерімізге деген орасан құрметтің белгісі болмақ. Өйткені ұлттық айшықты таңбалар – елін сүйген кез келген азаматтың намысын көтеріп, рухын асқақтататын мақтанышы!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*