Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » 18 МЫҢНАН АСТАМ ШЫМКЕНТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ ПРОАКТИВТІ ТӘСІЛМЕН РӘСІМДЕДІ

18 МЫҢНАН АСТАМ ШЫМКЕНТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ ПРОАКТИВТІ ТӘСІЛМЕН РӘСІМДЕДІ

Мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алу Қазақстандағы ең танымал қызметтердің бірі. Бүгінгі таңда Шымкентте 7 424 ана бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны проактивті форматта рәсімдеді. Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 1000-нан астам әйел рәсімдеген. 700 қала тұрғыны көпбалалы аналар ретінде жәрдемақы рәсімдеп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды. 2022 жылдың басынан бері 18 мың астам шымкенттіктер әлеуметтік жәрдемақыны SMS арқылы проактивті тәсілмен рәсімдеді.
«Барлығын жеңілдетіп, оңтайландыру, электронды форматқа көшіру – цифрландыру принципінің негізі осы. Корпорация бүгінде аталған принципті орындап қана қоймай, халықтың алтын уақытын үнемдеуін де ойластырып, проактив қызметін енгізді. Мұнда клиенттің SMS-ке келісімі ғана керек. Қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ең бастысы, адам мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Бүгінгі күні проактивті форматта келесі жәрдемақыны ресімдеуге болады:
— бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;
— «Алтын алқа», «Күміс алқа»алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы;
— мемлекеттік кепілдік;
— мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
— асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы;
— көп балалы отбасы ретінде төленетін жәрдемақы;
— мүгедек балаларды күтуге арналған жәрдемақы;
— бала кезінен мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы;
— еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
— жұмысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлем;
-жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем.
Қазақстанда 2017 жылдың соңында ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың арқасында алғаш рет мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті форматы іске қосылған. Электрондық үкімет порталы барлық деректерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тартады, ал жетіспейтіндерін мәліметті SMS — хабарлама арқылы клиенттен сұратады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*