Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Қоғамда зорлық – зомбылыққа жол жоқ

Қоғамда зорлық – зомбылыққа жол жоқ

Тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырамауынын алдын алу мақсатында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселері бойынша халықты хабардар ету үшін тұрғындарға профилактикалық әңгімелер, үгіт-насихат жүргізуде, деп жазады облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлері қоғамның ең үлкен бөлшегі. Себебі олар қоғамның тыныштығын қорғаушы. Қашан да қиналғанға көмек қолын созатын маман иелері. Осы тұрғыда Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметова мен Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің сектор меңгерушісі Жазира Абылова «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикалық шаралары  тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу  және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық әңгімелесу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, қорғау нұсқамасын шығару, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды полиция бөліміне жеткізу, әкімшілік жаза қолдану профилактикалық шаралары жүргізіледі.
Тиісті мамандар адам көп шоғырланатын жерлерге барып, тұрғындармен сөйлесіп, оларға зорлық-зомбылық туралы толық түсіндіріп, брошюралар таратты.
Полиция қызметкерлері күш қолдану, ұрып-соғу, намысқа тию, қоғамнан оқшаулау секілді зорлыққа душар болған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтып өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сұрақтарына тұшымды жауап беріп, кеңестерімен бөлісті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес еліміздің басым міндеттерінің бірі. Кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап береді. Сондықтан егер сіз отбасында зорлық-зомбылық көрсеңіз немесе басқа адамның осы жағдайға тап болғанынан хабардар болсаңыз полиция қызметкерлеріне хабарласыңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*