Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысында әйелдерді қорғау мақсатында акция басталды

Түркістан облысында әйелдерді қорғау мақсатында акция басталды

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды халыққа таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 13-21 маусым күндері аралығында, облыс аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» республикалық акциясы басталды.
Акция профилактикалық сипатқа ие және халықты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу және оны болдырмауға, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыруға бағытталған.
Акцияға ішкі істер органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, үкіметтік емес ұйымдар, білім беру, денсаулық сақтау органдары мен еріктілер жұмылдырылуда. Аталған тиісті мамандармен:
— Дағдарыс орталықтарының және ҮЕҰ базасында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарын тарта отырып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша сенім телефонының «Қауырт желісінің» жұмысы ұйымдастырылады.
— Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында елді мекендерде тиісті баннерлермен қамтылған арнайы автобустарда жергілікті полиция қызметі басшылығының азаматтарды жеке қабылдау жолымен мобильдік акциялар ұйымдастырылады.
— Кәсіпорындарда және ұйымдарда отбасылық құңдылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу жөніндегі қоғамдық іс-шаралар (брифингтер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б.) ұйымдастырылады.
— Азаматтар көп жиналатын орындарда көрсетілген тақырыпқа билбордтар мен плакаттар орналастырылып, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жаднамалар мен буклеттер тарату ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда қоғамда әйелдерге қысым көрсету мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Айта келгенде барлығы адамның мінез-құлқына келіп тіреледі. Расында да, психологиялық қысым көрсетілгенде адамның ызақор болатыны анық. Көптеген қылмыс жасаған жандардың да бойында психологиялық ақау мен өмірінде ауыр қысым көргені анықталып жатады. Сондықтан қолға алынған акция облыс азаматтарына тек тұшымды жағын көрсетсе екен.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*