Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Заңды өкілсіз жүрген 13 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды

Заңды өкілсіз жүрген 13 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды

Полицейлер түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрген 13 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды.
Компьютер клубы, автожуу, ойын сауық орталықтары бұлар кәмелет жасына толмаған балалардың үйір болатын орындары. Осыны ескеріп тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын полиция қызметкерлері түнгі уақытта арнайы рейд жүргізді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірім қылмысының көпшілігі ата-ананың бақылауынсыз қалған балалардың қатысуымен орын алады екен. Мәселен, Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін кафелерде жүру бойынша 13 жасөспірімді анықтады. Олар түнгі уақыт шамасында адам жиі шоғырланатын кафелердің бірінде ойын-сауық ұйымдастырған.
Сонымен қатар олардың ата-аналарын шақыртып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша хаттама толтырды. Және осы жасөспірімдерге қызмет көрсеткен кафе иесіне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша айыппұл салды. Тәртіп сақшылары осы іс-шара арқылы кәмелет жасына толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуды көздеп отыр. Полиция қызметкерлерінің тексерістері балалардың қауіпсіздігі үшін. «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Сондықтан жеткіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүрмеуін ата-аналар қатаң қадағалауы тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жасөспірімдерді түрлі заң бұзушылықтан сақтайтынын естен шығармаған жөн.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*