Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Есірткісіз болашақ» тақырыбында сурет салудан жарыс өтті

«Есірткісіз болашақ» тақырыбында сурет салудан жарыс өтті

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, «Есірткісіз болашақ», «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыптарында асфальтқа сурет салудан байқау өткізді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз өызметінесілтеме жасаған jetpisbai.kz.

Есірткісіз болашақ!  Есірткі…  Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз  еткен  улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда  есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін  жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі.

Жарысқа қала мектептерінен 50-ге тарта оқушылар қатысып, командалық есеппен сынға түсті. Өз қиялдарына ерік берген жасөспірімдер «Ғасыр дерті» саналатын есірткіге қарсы екендіктерін сурет өнерімен көрсетті. Шараның мақсаты – балалардың қиялын дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жаман әдеттерден аулақ болуға дағдыландырып, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету. Яғни, өзінің ойын қағазға түрлі түсті қаламмен байланыстыра отырып түсіру, сурет өнеріне баулу болып табылады. Аталған сурет байқауында әділ-қазылар өз төрелігін жасап, жеңімпазды анықтады. Одан бөлек қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылып тұрмақ. Ең басты мақсат — оқушылардың бойына осы бір зиянды заттардан, теріс қылықтардан аулақ болуды сіңдіру.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*