Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Келесте із-түссіз жоғалған бойжеткен табылды

Келесте із-түссіз жоғалған бойжеткен табылды

Дәріханаға баратынын айтып, із-түссіз жоғалған жас қыз табылды, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, кешкі сағат 18:30 шамасында жасөспірім қызы дәріханаға барып келетінін айтып, қайта оралмаған. Жақындары өздері күні бойы іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Тәртіп сақшылары жоғалған қызды бірден іздеуге кірісті. Жас қыздың баруы мүмкін жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде жас қыз 1 күн ішінде Шардара ауданында қыдырып жүрген жерінен табылды. 18 жасар қызды полицейлер отбасына қайтарды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Қуаныштан көзіне жас алған анасы қызының дін-аман табылғанына қуанып, қырағылық танытқан полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді: «Полиция қызметкерлері қашанда халыққа демеу бола біледі. Олар үнемі қолдарынан келетін барлық жақсылықты жасауға тырысады. Бүгін жоғалған қызымды тауып берді. Тәртіп сақшыларының жұмыстарына дән ризамын! Табыс, сәттілік тілеймін. Елдің қамқоршысы болып жүре беріңіздер!» — деп аналық ақ тілегін жеткізді.
Көп жағдайда терегу мәліметтеріне сүйенсек, жасөспірімдердің бұлай үйінен кетіп қалуына отбасында орын алған кішігірім түсінбеушіліктер себеп болып жатады.  Өз кезегінде полицейлер барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, бақылауда ұстау керектігін айтады. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңді бастан кешіретіндіктерін ескере отырып, ата-анаға олардың пікірлерімен санасып, дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*