Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізуде

Полицейлер «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізуде

Қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бар екені жасырын емес. Осыған байланысты әйелдерге және балаларға әлімжеттік көрсеткендердің жазасын қатаңдату қажеттігі айтылып жатады. Олардың құқығын қорғауда тәртіп сақшылары да жүйелі жұмыс жүргізуде. Мысалы «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» іс-шарасы. Акцияның негізгі мақсаты –  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады. Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Айнұр Жұбай бастаған полиция қызметкерлері қалалық емханаларға барып, ондағы емделуші тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оларға психологиялық және заңгерлік кеңестер берді. Осы мақсаттағы шара Арыс қаласында да жалғасын тапты. Бұл жолы Арыс қаласының полиция қызметкерлері орталық кітапханада дөңгелек үстел өткізді. Жиынға Арыс аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Әділбекқызы мен тәртіп сақшылары және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Жазира Қалдыкөзқызы қатысты. Іс-шара кезінде зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шешімдер айтылды. Халықтың ең үлкен мәселесіне айналған зорлық-зомбылықты болдырмау үшін шараға қатысқандар өздерінің ұсыныс пікірлерімен бөлісті. Шара соңында тәртіп сақшылары арнайы дайындаған плакаттар мен 400-ге жуық брошюралар таратты. Бұндай жиындар қоғам үшін қажетті. Сондықтан полицейлер мен психологтар тарапынан осындай жиындар алдағы уақытта та жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*